Дуйсеков Абай Хасенұлы. Қостанай облысы «Жастар Ресурстық Орталығының» басшысы:
— Қазақстандықтар үшін бүгінгі Президент Жолдауының мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейтіні анық, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Жолдау аясында Президент үкіменттік емес ұйым өкілдеріне бірқатар міндеттер артып, мақсатқа жетудің нақты жолдарын айқындады. Қазіргі уақытта Үкіметтік емес сектор маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеруде және олардың кешенді шешілуіне ықпал етуде. Президенттің айтуынша, реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді неғұрлым кеңінен және терең тарту қажет.
Кез-келген мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешу кезінде, үкіметтік емес сектор өкілдері өз әлеуетін паш етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысады. Үкіметтің емес ұйымдардың мұндай реакциясы олардың дамуға, жаңа тәсілдерді сынап көруге, қоғам игілігі үшін әлеуметтік бастамаларды енгізуге дайын екендігін білдіреді. Қазіргі ҮЕҰ-дар қоғамда әлемдік инновациялық тәжірибелерді енгізе бастады. Бұл қоғамның әл-ауқатын қалыптастыру процесінде өте маңызды. Жыл сайын халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен үкіметтік емес секторға инновациялық тәсілдерді енгізу мәселесі көтеріледі. Олар ҮЕҰ-ға өздерінің айрықша тиімділігін көрсетуі үшін белгілі бір желі қалыптастыратыны анық. Сонымен, мемлекет пен ҮЕМ-дың өзара қатынасының негізгі мақсаты ҚР әлеуметтік саясатты жүргізудегі қатынастардың жаңа үлгісін жасау, әлеуметтік бағытталынған үкіметтік емес ұйымдарға олармен белсенді ынтымақтасу, оларды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту арқылы тиімді көмек, қолдау көрсету болып табылады.