Қостанай облысында өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің халықпен кездесуі басталды. Алғашқы екеуі 24 наурызда Қарабалық және Федоров аудандарында өтеді, одан кейін облыс басшысы 30 наурызда Меңдіқара мен Ұзынкөл аудандарында болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу кестесі өзгеруі ықтимал және мерзімі түзетілуі мүмкін екенін атап өтті.
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде ағымдағы жылғы наурызда Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің Қарабалық және Федоров аудандарының тұрғындарымен (24 наурыз); Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының тұрғындарымен (30 Наурыз) кездесулері өтеді.
Алдағы халықпен кездесулерге дайындық шеңберінде 8-775-683-16-94 (Kcell байланыс операторы) нөмірі бойынша Telegram және WhatsApp чаттары арқылы сұрақтар мен ұсыныстарды жібере аласыздар және облыс әкімінің Instagram-дағы парақшасының аккаунтына #вопросы_на_стречу_акима (<url>) хэштегімен қабылдау жүзеге асырылады. https://instagram.com/arkhimed_mukhambetov…).