Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қосымша қаржы қарастырылмақ

17 марта 2022 15:00 • 687 просмотров

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу үшін облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, оның ішінде халықты қантпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Жиында айтылғандай, қазір облыстың азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорында қант қоры бар. Оны сауда желілері арқылы сататын болады. Өз кезегінде, бөлшек сауда желілері қантты шектеулі түрде сатады, бұл қанттың аймақтан тыс жерлерге сатылуына жол бермейді.

Сондай-ақ, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы жеткізушілер жақын арада қант сатып алатын болады. Басқа елдерден де қант әкелу мәселесі пысықталуда.

Сонымен қатар, өңір басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосымша қаражат бөлуді тапсырды.

Бұл бағытта облыста бірқатар шаралар қабылдануда. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері күнделікті негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізеді.