Зарченый ауылында ойықтарды бұрғылау жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылдын 16 наурызында Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының ұйымдастыруымен Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарынын қатысуымен Заречный ауылының маңында орналасқан Каменный көлінде балықтардың қырылуына жол бермеу мақсатында ойықтарды бұрғалау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 30 ойық бұрғыланып, 30 қамыс бумалары орнатылды.
Балық қырылуын алдын алу іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау инспекцияның ерекше бақылауында және балық қыстайтын кезең аяқталғанға дейін жалғасады.