Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа ХҚКО ашылмақ

18 марта 2022 12:30 • 665 просмотров

Биыл Қостанай облысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеті жоба іске қосылады. Осы бағдарлама аясында өңірлік деңгейде өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру үшін Жол картасы әзірленіп, бекітілген. Жыл ішіндегі көрсеткіштер де көңіл көншітеді. Бұл туралы облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімет берді.

Басқарма басшысының айтуынша, аймақта 2017-2021 жылдар аралығында 8,6 млрд теңгеге 8 кәсіпорын 18 жобаны іске асырған.

«Тағы 8 жоба (352,3 млрд теңге) жүзеге асырылу үстінде, оның ішінде 2022 жылы 2,3 млрд теңгеден астам сомаға 7 жобаны іске асыру жоспарлануда, — деп атап өтті Азамат Совхозбайұлы. — Облыста ауыл шаруашылығын цифрландыруға бағытталған пилоттық жобалар іске қосылған, олар түрлі салалардағы 7 ауыл шаруашылығы құрылымдарына енгізілді».

Бүгінгі таңда нақты егіншілік саласында 130 ферма және мал шаруашылығында 92 ферма құрылған. 2022 жылы өсімдік шаруашылығына қатысты 78 шаруашылық және мал шаруашылығы бойынша 81 шаруашылық анықталып отыр. Мұның сыртында, басқарма басшысы Қостанай қаласында және облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін фотобейнетіркеуге алуға арналған 45 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылғанын айтты. Осы жобаны іске асырудың арқасында жақсы нәтижелерге қол жетіп отыр. Атап айтқанда, облыстағы тас жолдарда апат оқиғалары төмендеген, сондай-ақ жол-қозғалыс ережелерін бұзу деректері 50%-ға дейін қысқарыпты.

Сонымен қатар, Азамат Кашиевтің айтуынша, биыл халықтың коммуналдық қызметтермен өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыруға бағдарланған, табиғи монополия субъектілері қызметінің ашықтығын арттыруды, бюрократия мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауды қамтамасыз ететін «iQala» қалалық қызметтер орталығын (коммуналдық ХҚКО) ашу жоспарланып отыр. Жалпы, облыста «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру оң нәтижелерге ие. Экономикалық тиімділігі, шамамен, 9 млрд теңгеге шақ келген. Бағдарлама арқасында 300 жұмыс орны құрылыпты.