Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Халықпен кездесті

24 марта 2022 16:35 • 668 просмотров

Аудан әкімі Талғат Карбозов аудандық мәдениет үйінде ел тұрғындарымен кездесу өткізді. Мақсат – халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, олардың шешімдері мен жолдарын табу. Бұл туралы «Қостанай таңы» газеті хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, елде жүргізіліп жатқан реформалар жайлы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы, жауапкершілігін арттыру. Кездесуде әкім 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен биылғы жылға арналған міндеттері туралы баяндады. Айтуынша, өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге уәкілетті органдармен барлығы 100 654 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 423 қызмет (0,4%) мемлекеттік органда, 407 қызмет (0,4%) балама негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 99 872 қызмет (99,2%) электронды түрде көрсетілді. – Былтыр Аманкелді ауданының жергілікті атқарушы органдарында жалпы саны – 393 өтініш (жеке тұлғалардан 338, заңды тұлғалардан 55) тіркелген. Келіп түскен өтініштердің 269-ы қанағаттандырылды, 124 өтінішке түсінік берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде есепті мерзімде қайталанған, қайтып қаралған және өтінішті қарау кезінде мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ.

Өткен жыл ауданның экономикалық көрсеткіші бойынша жақсы деңгейде қортындыланды. Жоспарға сай тың істер мен жобалар қолға алынып, іске асырылды. Ал ағымдағы жылы атқарылуы тиіс жоспарларға келер болсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үрпек ауылының көшелерін орташа жөндеуге 107,4 млн теңге, Аманкелді ауылының көшелерін, Байтұрсынов, Сатыбалды ишан көшелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 89,8 млн теңге бөлінді. Аманкелді-Үрпек бағытындағы автокөлік жолын орташа жөндеуді аяқтауға облыстық бюджеттен 50,6 млн теңге бағытталды.

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысушыларға, кәсіптерін әрі қарай дамытамын дегендерге шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін конкурсқа шығару жоспарлануда. Конкурс туралы ақпарат БАҚ-та және аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады, – дейді аудан әкімі Талғат Карбозов. Аудан әкімінің баяндамасынан кейін жиналған ел тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Жұмыс, жер, қоршаған ортадағы экологиялық тазалыққа және өзге де мәселелерге тыңдалым жасалды. Аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына халықтың сұранысы бойынша істердің атқарылуы керектігін баса айтып, тапсырмалар берді.