Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Белсенді жас – Айбек Таңатбаев мемлекеттік награда алды

25 марта 2022 11:30 • 871 просмотров

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында өндіріс, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, волонтерлер бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне орай мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде салтанатты жиынға қатысушыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, бұл мейрамның тарихы терең төл мерекеміз екенін атап өтті.

— Сіздердің әрқайсыларыңыз ынтымақ пен бірлік құндылықтарына адалдығын іс жүзінде дәлелдеген нағыз патриотсыздар. Өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізбен, көмек қолын созуға деген шынайы ниеттеріңізбен барша отандасымызға үлгі-өнеге көрсетесіздер. Біз Қазақстанды реформалау үдерісін бастадық. Жаңа мүмкіндіктер мен дамуға ұмтылған Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында бір топ қайраткерге мемлекеттік награда тапсыру жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ, бұл іс-шараны осы мейрамға орай өткізу игі дәстүрге айналатынын айтты.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа берілді. Көптеген қоғам белсенділері мен еңбек үздіктері «Құрмет», «Парасат», әр түрлі дәрежедегі «Достық», «Барыс», «Отан», ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен 25 адам марапатталды. 68 волонтер, меценат басқада бірқатар азаматтар «Шапағат» медалімен марапатталды.

«Шапағат» медалімен марапатталған 68 волонтердің ішінде біздің Аманкелді ауданынан кәсіпкер, ерікті жастар ұйымының мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты, белсенді жас Айбек Мырзағалиұлы Таңатбаев, Қостанай қаласынан Үміт-Надежда» мүгедектер ұйымының төрағасы Дүйсенғали Оспанов бар.

Айбек Мырзағалиұлы аудан, облыс көлемі бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене арласады. Жастай кәсіпкерлікпен айналысып, аудан экономикасының дамуына да ат салысты. Әсіресе елімізде індеттің өршіп тұрған шағында Аманкелді, Науырзым аудандарының аурханаларын аралап, науқастармен кездесіп, оларға билік тарапынан,»Қызыл ай» ұйымдары тарапынан көмек көрсетуге ықпал жасады. Қаңтар оқиғасы кезінде де жастар арасындағы бұзақылыққа жол бермеу жұмыстарын түсіндіріп, халықты бірлікке шақырған ақпарат таратты.

Аудан жастары саясатын жүргізіп, оларды түрлі қайырымдылык іс-шараларға жұмылдырды. Бірнеше қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.Ол өзінің жан-жақты белсенділігмен аудан, облыс жастарына үлгі бола білді.

Аудан тарихында жастардың арасында осындай мемлекеттік Орден алу аудан тарихында бірінші рет болып отыр. Айбек Мырзағалиұлының бұл жоғары марапаты аудан үшін де, облыс үшін де үлкен мақтаныш, үлкен, абырой екені сөзсіз.

— Бұндай мараптаты мен күтпеген едім. Естігенде еткен еңбегің еш кетпей, әрқашан бағаланды екен гой деп ойладым. Мені еліме деген азғантай еңбегімды бағалап кеудеме «Шапағат» медалін тағам деген үш ұйықтасам түсіме кірмеп еді. Мен марапат үшін емес азда болса еліме көмегім тисін деп жұмыс жасадым. Әлі де жұмыс жасай беремін Мен Тәуелсіздік құрдасы болғаннан кейін маған жүктелетін жауапкершілік те мол. Еліміз біз сияқты белсенді жастар арқылы дамиды ғой.

Ақорда төрінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алу мен үшін үлкен құрмет, қуанышымда шек жоқ. Президент жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, Жаңа Қазақстанды бірге құруға үлкен сенім артатынын айтты. Көптеген өзім сияқты жастар мен еңбек майталандарымен кездестім. Қазақтың әнұраны ойналған кезде кеудемде рух оянып, керемет сезімде болдым. Алған әсерлерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Маған сенім артып, осындай марапатқа ұсынған аудан, облыс басшыларына көп рахметімді айтамын. Маған көрсетілген құрмет, облыс көлемі жастарына да көрсетілген кұрмет деп ойлаймын.

Осы салтанатты жиында «Парасат» Орденін алған, бұрынғы Арқалық қаласы мен Ұлытау ауданының әкімі, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлымен кездесіп, Торғай аймағындағы ең өзекті мәселе жол мәселесі туралы пкірлестік, – дейді Айбек Мырзағалиұлы.

Айбек жоғары марапатың құтты болсын, ел игілігі үшін атқарған еңбегің әрқашан жемісті бола берсін!

Г. ЖҰМАДІЛДАҚЫЗЫ