Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Марат Қонысбайұлы Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды.
Марат Жүндібаев 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған.
М.Қ. Жүндібаев Қостанай ауданындағы Новоселов ауылының тумасы. Үш жоғары білімі бар. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен арадағы келісім бойынша, Қайрат Жұмашұлы Ахметов өзі берген өтінішке сәйкес, өз қалауы бойынша қызметінен босатылды.
Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.