Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Аудан жұртымен кездесті

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовөткен апатада Федоров және Қарабалық аудандарының халқымен кездесті. Өңір басшысымен бірге басқарма басшыларыда келді. Архимед Мұхамбетов халықпен кездесуді Федоров ауданынан бастады.

Аудан тұрғындарынан келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі су мәселесі және ауылдарды газбен қамтамасыз ету тақырыбына қатысты болды. Сұрақты бірінші болып Первомай ауылдық округінің тұрғыны Анастасия Карловская қойды. Ол ауылын сумен қамтамасыз ету мерзімі туралы сұрады. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі деп сендірді. Ауыспалы нысанның құны 836 миллион теңгені құрайды. Биыл жұмыстар басталады. Аяқталу мерізімі – келесі жыл.

Ленин ауылының тұрғыны Анар Сатпаев та су туралы сұрады. Дәурен Асқаров «Нысанға екі жыл болды, су елді мекенге келеді. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр» деді басқарма басшысы. Бұл кездесуге Ленин ауылынан келген тағы бір тұрғын Валентин Боровской аудан орталығынан газ тарту мәселесін көтерді. Асқаров бұл мәселе күн тәртібінде екенін жеткізді. Қазір жоба сараптамадан өтуде. Егер ол мақұлданса, Ленин ауылының тұрғындарына газ беріледі.

Келесі сөзді Наурызбек Бермағамбетов алды. Оның айтуынша, егер газ Ленинге жетсе, оны Лесной ауылына да жалғасын. Сондай-ақ сумен қамтамасыз ету мәселесін де қозғай кетті. Облыс басшыларының сөзінше, ауыз су өткізілді. Бірақ мал суаруға, бау-бақша суаруға су жоқ. Дегенмен облыс әкімі Леснойдағы ауыз су мәселесіне қатысты ұсыныстарды тереңінен зерделеуді тапсырды.

Өңір басшысына қойылған сұрақтың бірсыпырасы ауыл мектептерін жөндеу және жастардың бос уақытын тиімді өткізу тақырыбын қозғады. Дания Ерғалиева Қосарал ауылдық округіндегі мәдениет үйіндегі жағдайына назар аударуды сұрады. Балалар жиі баратын спортзалдың күйі сын көтермейтінін жеткізді. Облыс әкімі аталмыш спортзал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөнделеді. Ал мәдениет үйі бойынша, Архимед Мұхамбетов мәдениет басқармасының қызметкерлеріне мәселені шешуді тапсырды.

Новошумный мектеп оқушыларының ата-аналары аталмыш мектеп жарты ғасыр бойы жөнделмегенін айтты. Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова биылғы жылы мектепті ағымдағы жөндеу күтіп тұр деп сендірді. Мердігер – жергілікті «Жук» ЖШС.

Келесі сөзді Пешков ауылының тұрғындары алды. Олар жергілікті мектептің материалдық базасы туралы сұрады. Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова биылғы жылы оқу орнында заманауи физика кабинеті жабдықталып, жаңа жиһаз бен спорттық құрал-жабдықтар әкелетінін айтты.

Федоров селосынан келген Татьяна Волоткевич су тасқыны кезеңінде туындайтын жыл сайынғы қиындықтарға қатысты мәселені көтерді. Оның айтуынша, жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де бұл уақытта жүріп-тұру қиын. Аудан әкімі Тауба Исабаев мәселенің бар екенін жасырмады. Ағыстың бағытын бұруға арналған жабдықтарға бюджеттік өтінім берілді. Аймақ басшысы келесі жылы мәселе шешілуі тиіс екенін атап өтті.

Бұдан соң Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданының тұрғындарымен де кездесу өткізді. Қос аудандағы мәселелер ұқсас.

Тоғызақ ауылының тұрғыны Валентина Евтухова да жергілікті мәдениет үйінің тағдырына алаңдайды. Мәдениет басқармасының өкілдерінің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама дайын, биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Өңір басшысымен кездесуге келген Қарабалық тұрғыны Шолпан Бисембаева жергілікті балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушілері М. Горький атындағы мектептің тек екі кабинетінде отырғанын айтты. Алайда, балалардың шығармашылықпен сапалы шұғылдануы үшін бөлек ғимарат қажет. Аудан әкімі Руслан Халықов 300 шаршы метрлік қолайлы ғимарат бар екенін айтты және ол көп ұзамай босатылуы мүмкін. Пандемия уақытында ол жерде уақытша аурухана орналастырылған. Егер бәрі оңтайлы шешілсе, ғимарат дезинфекция процедурасынан өтіп, балаларға беріледі.

Станциялық мектеп балаларының ата-аналары шатырды жөндеуге көмек сұрады. Білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова биыл Қарабалық ауданында 893 миллион теңгеге жеті мектеп жөнделетінін айтты. Бұл сомаға Станциялық ауылындағы мектеп те кіреді.

Ал Победа ауылындағы мектеп бұл тізімге енбеген. Жергілікті халық білім ошағы тіпті жабылып қала ма деп алаңдайды. 2020 жылы негізгі мектеп бастауыш мектепке айналған. Қазір онда бес оқушы және мектепалды даярлықта 11 бала бар. Қауіп айқын. Ауыл тұрғындары облыс әкімінен оқу орнын жаппауды сұрады. Әйтпесе, ауылдың да көрер күні көп емес деп топшылайды олар.

Архимед Мұхамбетов аудан әкіміне еліміздің оңтүстігінен қоныс аударушыларды осы ауылға шақыру, оларға жұмыс табу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Халық саны көп болса, бала саны да артады. Тек осылайша бастауыш мектепті сақтап қалуға болады.

Қособа ауылдық округінің фельдшері Нұржамал Құмарова жедел жәрдем көлігін 20 жыл бойы бір жаңармады деп шағымданды. Тиісінше ескі көлік жиі бұзылады, ал аудан орталығына дейін 80 шақырым. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл мәселе жуық арада шешіледі деп уәде берді.

Станционное және Новотроицкое ауылдарының тұрғындары да су құбырын сұрады. Оларды да Дәурен Асқаров қуантты: ЖСҚ әзірленген, нысан екіжылдық. Жақында мердігер анықталады.

Қарабалық тұрғындары Космонавтар көшесін (ұзындығы екі шақырымға жуық) жөндеуді сұрады. Аудан әкімі жобаны облыстың көлік және автожол басқармасына жібергенін айтты. Бірақ ведомство басшысы Олжас Нұрғалиев жергілікті тұрғындарды мәслихат сессиясында өтінімді мақұлдамағды дейді. Облыс әкімі 87 миллион теңгенің жартысын тауып, биыл бір шақырым көшені жөндеуді тапсырды. Екіншісі келесі жылы ретке келтірілмек.

Сарыкөл ауылының тұрғыны Бақытгүл Құттыбаева өзінің елді мекеніне баратын жолға назар аударды. Олжас Нұрғалиев ұзындығы 21 шақырым болатын бұл жол жөнделетінін айтты. Шенеуніктердің айтуынша, байқауды Қарабалық кәсіпкері жеңіп алған.

Айта кетейік, 6 сәуір күні облыс әкімі Лисаков қаласының және Жітіқара ауданың тұрғындарымен кездеседі. Ал 13 сәуір Алтынсарин және Сарыкөл аудандарына барады.