Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, онда жалпы білім беретін мектептер мен тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жұмыстары туралы мәселе қарастырылды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғын үй секторында өртті болдырмау үшін халықты тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын сақтау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған тиісті іс-шаралар кешені тұрақты негізде жүргізіледі.
Облыстық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Біржан Каримовтың айтуынша, тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу үшін халықты тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын сақтау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған тиісті іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізіледі.
Жылыту кезеңінің алдында тізім жасалып, сол бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын 100% аралау жүргізілді.
–Атаулы өрт-алдын алу жұмыстары облыстың барлық елді мекендерінде тұрғылықты отбасылардың мәртебесіне қарамастан, инспекторлық құрамның әрбір тұрғын үйге баруымен барлық жерде жүргізілетінін атап өткім келеді. Жылыту кезеңінің басынан бастап профилактикалық тексерумен 85 мың үй қамтылды,-дедіол.
Алдын алу жұмыстары облыстың барлық елді мекендерінде тұрғылықты отбасылардың мәртебесіне қарамастан, инспекторлық құрамның әрбір тұрғын үйге баруымен барлық жерде жүргізілетінін атап өткім келеді. Жылыту кезеңінің басынан бастап профилактикалық тексерумен 85 мың үй қамтылды.
Үгіт материалдарын тарату сияқты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, облыстық, қалалық телеарналар мен LED-экрандарда өртке қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіледі. Жылыту кезеңінің басынан бері 255 демонстрация өткізілді, халықпен, әлеуметтік желілермен, мессенджерлермен 292 жиналыс және жиын ұйымдастырылды және өткізілді, ресми сайттарда 809 ақпарат орналастырылды, адамдар көп жиналатын объектілердің дауыс зорайтқыш байланысы бойынша 980 сөз сөйлеу және т. б. өткізілді.
Облысбасшысы қала мен ауданң әкімдеріне Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, аулаларды аралауды күшейтуді, ата-аналар жиналыстарында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық, сондай-ақ өрт-алдын алу жұмыстары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.