Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сауат арттыру семинары

7 апреля 2022 12:30 • 472 просмотров

Наурыз айының соңғы күнінде Жастар сарайында тәртіп сақшылары жастармен «Әкімшілік құқықбұзушылық түрлері, оның ішінде кәмелетке толмаған жастар жасайтын заңсыздықтар және оған қарсы заңи жауапкершілік» тақырыбында алғашқы семинар өтті.

Іс-шара мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Өскелең буынның санасына құқықтық мәдениетті сіңіру, жастардың жеке қақы мен бостандығын қорғай білуге шақыру – қашанда өзекті мәселе. Жоба ұйымдастырушылары осы жауапкершіліктерді мойындарына алып отыр. Яғни тематикалық семинарлар циклі басталды. Бұл іс-шараның бастамашылары – «Sanaly urpaq – 2050» қоғамдық қоры және бұған облыс әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы қолдау көрсетті.

Алғашқы семинар қос тараптың белсенділігімен қызықты өтті. Конференция залына жиналған студенттерге полиция подполковнигі, ІІМ Қостанай академиясының аға оқытушысы Алмагүл Сағалиева әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы жан-жақты мәлімет берді. Өскелең буынның отбасыдағы, қоғамдағы, қоршаған ортасындағы сан түрлі жайттарға қатысты дұрыс әрекет ету тәртіптері тәптіштелді. Жиын таптаурын дәріс деңгейінде қалып қоймай, еркін форматта өтті. Студенттер қалаған сұрақтарын қойып, кең мағлұмат алды.

Сондай-ақ, семинардың екінші бөлігінде қатысушы жастарға ситуациялық тапсырмалар беріп, олардың интербелсенділігі тексерілді.  Осы жылы кем дегенде осындай тағы алты семинар өткізіп, жастар арасында ең өзекті деген деген тақырыптар талқыға алынбақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, екінші отырыс осы сәуір айында ұйымдастырылады.