Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жас спортшылар бақ сынасты

9 апреля 2022 10:00 • 815 просмотров

Жас былғары қолғап шеберлері үш күн шаршы алаңда жұдырық түйістірді Т.Дүйсекеев атындағы «Топжарған» спорт кешенінде «Балалар жылы» мен спорт ардагері Жұмабек Мырзағалиевті еске алуға арналған бокстан облыстық турнир өтті.

Жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсекеге Қостанай облысына қарасты аудан мен қалалардан және Ақмола облысынан жас боксшылар қатысты. Екі күн бойы шаршы алаңда білек пен жұдырық күшін сынаған жасөспірімдердің ішінен ең мықтылары суырылып шығып, үшінші күнгі ақтық бәсекеде жүлделі орындар үшін жұдырық түйістірді. Алғашқы күндерге қарағанда шешу сәт тартысты болды. Бірінші, екінші орындарға таласқан жас былғары қолғап шеберлері ширақ қимылдап, жанкүйерлердің делебелерін қыздырды.

Салмақтың 18 түрі бойынша шаршы алаңды бағындырған жас боксышлар жүлдегер атанып, арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қызылбай Әділбеков, спорт ардагері Тойғанбол Нұрханов жарыстың бас демеушілері Ғауез Бақытжанұлы, Жанболат Мырзағалиев, Дастан Қабылбекұлы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полковник Талғат Сәбитұлы, өрт сөндіру бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Мұқатов, ата-аналар атынан руслан Садуақасов, спорт әдіскері Ақжол Таңатқан жүлделі орындарды салтанатты түрде табыстады.

Сонымен қатар, «Үздік боксшы» атағын жангелдиндік Елдар Жұмахан жеңіп алды. «Жас боксшы», «Көрермен көзайымы», «Әуесқой боксшы» аталымдарын қарабалықтық Батырхан Сейсенов, Арқалық қаласының боксшысы Юнус Рақымжан, амангелділік Ернұр Өнертай иеленді.

Осыған дейін Жұмабек Мешітбайұлының құрметіне арналған турнир үш рет аудандық, екі рет облыстық деңгейде өткен болатын. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар мен Мырзағалиевтер әулеті дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан турнирді республикалық дәрежеде өткізу үшін күш жұмсамақ.

БЖСМ-нің спорт әдіскері: Таңатқан Ақжол