Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көшпелі кеңес

13 апреля 2022 14:00 • 472 просмотров

Архимед Мұхамбетов инвестициялық жобаларды іске асырудың ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында индустриялық аймақ аумағында кезекті көшпелі жұмыс кеңесін өткізді.

Жиын барысында өз жобаларын іске асыратын бизнес субъектілері жергілікті атқарушы органдар мен бизнесті дамыту институттары тарапынан көмек көрсету қажет болатын мәселелерді айтылды.

Атап айтқанда, «KamLitKZ» ЖШС, «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС және «TEHNOPARK KZ» ЖШС сияқты кәсіпорындардың машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Осы жобаларды іске асырудың арқасында облысқа шамамен 350 млрд.теңге тартылып, 1,4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, Лисаков қаласында іске асыру жоспарланған «QEMKO» ЖШС жобасы жеке қарастырылды. Құны 26 млрд.теңгеден асатын, шамамен 230 жұмыс орнын ашатын кремний карбидін өндіретін зауыт салу туралы сөз қозғалды. Кейін ол «KamLitKZ» ЖШС зауыттарының құрылыс барысын тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, құрылыс жұмыстары белсенді жүріп жатыр, бірінші зауытты 2023 жылы іске қосу жоспарлануда, ал екіншісі 2024 жылы пайдалануға беріледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов жауапты тұлғаларға барлық белгіленген жоспарларды уақтылы іске асыру үшін бизнеске көмек көрсету бойынша тиісті тапсырмалар берді.