Қостанай облысының әкімдігінде 2019-2021 жылдары «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Мәселен, осы жылдар аралығында аталмыш бағадарлама бойынша 216 жоба іске асырылған.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов барлық деңгейдегі әкімдермен селекторлық кеңес өткізді, оның барысында 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымын аяқтау және алдағы жылу беру кезеңіне дайындық мәселелері қаралды.
Жалпы, ағымдағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша облыстың тіршілікті қамтамасыз ететін барлық кәсіпорындары мен әлеуметтік сала объектілері тұрақты жұмыс істеді. 2022 жылы жылумен жабдықтау объектілерін дамытуға 8 жобаны іске асыру үшін 3 703,9 млн.теңге бөлінді.
Бұдан әрі «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың ақпараты бойынша, бүгінгі таңда 517 ауылдық елді мекенде 353 мыңнан астам адам немесе облыс халқының 41% — ы тұрады. 2019-2021 жылдары «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында 14,4 млрд теңгеге 216 жоба іске асырылды.
Ағымдағы жылы 40 мыңға жуық тұрғыны бар 32 ауылдық елді мекенде 75 жобаны іске асыру үшін 7,5 млрд.теңге бөлінді.
— Бұл мақсаттарға қол жеткізу әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру, сондай-ақ жайлы өмір сүру ортасын құру арқылы жүзеге асырылатын болады, — деп атап өтті облыс әкімі А.Мұхамбетов.
Сондай-ақ, облыстың елді мекендерін екі айлық санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру мәселесі қаралды. Облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандырудың екі айлығы басталды.
Энергетика және ТКШ басқармасы апта сайын осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізетін болады.