Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Болашақтың сарқылмас энергиясы

22 апреля 2022 12:30 • 824 просмотров

Қазіргі уақытта әлемде жылумен жабдықтау қажеттіліктері үшін әртүрлі түрдегі қазбалы отынның шамамен 30% пайдаланылады. Тұрғын және өндірістік үй-жайлардың микроклиматы адам өмірі үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуі керек, адамның ішкі тепе-теңдігін сақтауға, оның жұмыс істеу қабілетін тиісті деңгейде сақтауға ықпал етуі керек.

Дегенмен, жылыту жылдамдығы жоғары және тұрақты жылу диссипациясы бар жоғары тиімді жылыту өнімдерін жасау қиын мәселе болып қала береді.

Шалғай жерлерде ағаштан жасалған пештер жылыту жүйесінің дәстүрлі тәсілі болып отыр. ОларғДәстүрлі тәсілді пайдаланатындарға жайылымдық және егістік алқаптардағы, егін егумен немесе егін жинаумен айналысатын жұмысшылар жатады.

Алайда елді мекеннен айтарлықтай қашықтықта (40-100 км) отынмен қамтамасыз етуде проблемалар бар: жол инфрақұрылымының жоқтығы; отынды, көмір сұйықтығын немесе сұйытылған газды отынды жеткізу тым қымбат; отынды сақтау арнайы бөлмелерді немесе цистерналарды пайдалануды талап етеді, бұл ұтқырлықты азайтады; орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың болмауы.

Сондықтан жылжымалы тұрғын үйді жылыту үшін баламалы энергияны пайдалану туралы сұрақ туындайды.

2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың желтоқсан айлары аралығында М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру келісіміне сәйкес «Күн батареялары мен көміртегі жылу шығаратын икемді материалды пайдалана отырып, жылжымалы тұрғын үй-жайларды жылыту жүйесін зерттеу және әзірлеу» жобасын жүзеге асырды.

Бұл жоба аталмыш жоғарғы оқу орнында және «Астық» элеватор жабдықтары зауыты» ЖШС базасында жүзеге асырылды.

«Астық элеватор жабдықтары зауыты» ЖШС ұзақ жылдар бойы шаруаларға арналған жылжымалы тұрғын үй-жайлар – фермерлердің тіркеме үйлері, элеваторларға арналған жабдықтар, механикаландырылған токтар, астық қабылдау пункттерін шығарушы кәсіпорын. Астық өндіруге арналған жабдықтар мен оның құрамдас бөліктерінің барлық түрін шығарады.

Практикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шаруаның жылжымалы үйіне қуаттылығы 400 Вт 4 күн батареясы, қуаттылығы 120 Ah болатын 4 аккумулятор және көміртекті жылу шығаратын икемді материалдан жасалған бір жылытқыш орнатылды.

Жүргізілген зерттеулер ұсынылған тұрғын үйлерді жылыту жүйесінің тиімді екенін көрсетті. Бұл үй-жайларды жылыту жүйесін жаздың салқын күндерінде және күзгі-көктемгі кезеңде шағын аумақтарды жылыту үшін немесе қыста негізгі дәстүрлі жылытуға қосымша ретінде пайдалану ұсынылады.Бұл көміртекті жылу шығаратын икемді материалы бар жылытқыштың энергия шығыны 600-700 Вт болатындығына байланысты болып келеді. Мұндай қуаттың энергиясын қамтамасыз ету үшін кем дегенде 1600 Вт қуаты бар күн станциясы қажет, бұл барлық жабдықтың қымбаттауына әсер етеді. Күн станциясы өндіретін электр энергиясының мөлшері тікелей үш факторға байланысты. Күндізгі уақытта күн көбірек энергия шығарады. Сәйкесінше, мүмкіндігінше электр энергиясын өндіру үшін шуақты күндер қажет. Сондай-ақ, белгілі бір қуатты алу үшін орнату қажет панельдердің саны географиялық орынға тікелей байланысты. Түнде күн сәулесі түспейтіндіктен, бұлтты және жаңбырлы күндерде күн энергиясы электр энергиясының негізгі көзі бола алмайды.

Республикамызда баламалы энергия көздерін дамытуға қолайлы жағдай жеткілікті. Әсіресе, географиялық орналасу жағдайына қарай күн энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі мол.Қазақстан ғалымдары бұрын отандық шикiзаттан металлургиялық және жартылай өткiзгiш кремний алу технологиясы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiздi. Күн батареялары мен жартылай өткiзгiштердiң жұмыс тиiмдiлiгi тазалық деңгейiне қарай алынатын кремнийдiң төменгi сапасы жүргiзiлген ғылыми зерттеулердiң негiзгi проблемасы болып табылады. Дегенмен, бұл ресурстар қазіргі күнге дейін кең қолданысқа ие болмады,

Жалпы, қалпына келетін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Оларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі де бар. Атап айтсақ, оны электр қуатын өндіру және жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке қол жеткізуге болады. Сонымен қатар қайта қалпына келетін энергетика елдің шалғай өңірлерін дамытудың маңызды факторына айналмақ.

Амангелді Шаяхметов, Ғылым және инновация бойынша проректоры, ҚИнЭУ