Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Таза қала — денсаулық кепілі!

22 апреля 2022 10:00 • 614 просмотров

Қостанай облысының аумағында екі ай бойы өтетін жалпықалалық сенбіліктер басталды. Жалпықалалық сенбіліктің мақсаты — облысымыздағы тазалықты сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те сенбілікке қатысты.

-Биыл облыстық бюджеттен ағаш отырғызуға 700 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, мысалы, бұған Рудный қаласындағы «ССКӨБ» АҚ белсенді қатысуда. Кәсіпорындар алдағы төрт жылда 50 мыңға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отыр, бұл жыл сайын 12 мыңнан астам ағаш. Бұл шағын және орта бизнес үшін де, ірі кәсіпорындар үшін де жақсы бастама,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Бүгін облыс орталығында жалпы қалалық сенбілікке жергілікті атқарушы органдар, еңбек ұжымдары, қоғам қайраткерлері, жастар, еріктілер, қала тұрғындары және т. б. белсенді қатысты.

Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарын игі істе бірігуге және туған жердің тазалығына көңіл бөлуге шақырды.