Қостанай облысында Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің қатысуымен «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асырудың маңызды мәселелері қаралды. Басқарма басшысы Зәуре Байменова өз сөзінде облыстың білім беру жүйесі бірнеше маңызды бағыттар бойынша дамып келе жатқанын атап өтті.
«Білімді ұлт»ұлттықжобасы — білім саласының барлық деңгейлеріндегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Жобаның бірінші міндеті– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Облысымызда 192 балабақша мен 370 шағын орталықта 30 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 89,7%-ы,ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 99,9-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған.Дегенмен, кезекте әлі де 10 мыңнан астам бала (10 317) тұр, оның 4910– 2 мен 6 жасаралығында. Осы жерде айта кететін жайт, 2022 ж. мемлекеттік білім тапсырысына 25004 орын берілді, бірақ қазіргі таңда 1495 орын бос. Мысалы, Қостанай қаласында кезекте 2 мен 6 жас аралығында 1427 бала тұрса, осы жастағы балаларға арналған бос орын саны-703. Дәл осындай жағдай Рудный (2-6 жас аралығында кезекте 552 бала, бос орын-220), Арқалық (2-6 жас-257 бала, бос орын-58) қалалары мен Қостанай ауданында(2-6 жас-230 бала, бос орын-99). Яғни бос орындар бола тұрып, ата-аналар балаларын балабақшаға бермеуде. Сондықтан ата-аналар арасында мектепке дейінгі білімнің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет,-деп атап өтті Зәуре Байменова.
Қостанай облысында жыл сайын мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны артып келеді. Соңғы бірнеше жылдың ішінде өңірде бес жаңа мектеп есігін айқара ашты. Өңірде барлығы 494 мектеп бар, оларда 112 мыңнан астам бала білім алады. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны — 116, бұл жалпы санынан 24%.
«Соңғы жылдары облыста мемлекеттік тілде оқытатын 5 жаңа мектеп ашылды. Келесі оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 22 топ, мектепалды даярлық сыныптары мен 15 мектепте бірінші сыныптар, сондай-ақ 5 колледжде мемлекеттік тілде оқыту топтары ашу жоспарлануда», — деп хабарлады облыстың білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Зәуре Бәйменова.
Оның айтуынша, соңғы 2 жылдың ішінде Қостанайда мектепке дейінгі ұйымдарда 14 топ, 4 бірінші сынып және бастауыш сыныптарда 47 ұзартылған күн тобы ашылды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тілде оқитындардың санын 1331 балаға көбейтуге мүмкіндік берді.
«Келесі оқу жылының басында 480 баланы қамтитын тағы 18 топ пен 5 бірінші сынып ашу жоспарлануда. Осыған байланысты әкімдерден өз өңірінде мемлекеттік тілді дамытуға, оның ішінде жұртшылықты тарта отырып, тікелей қатысуларын сұраймын», — деп қорытындылады З.Бәйменова.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылға қарай оқушы орындарының тапшылығын болдырмау мақсатында 15 жаңа мектеп салу жоспарлануда. 2021 жылы Қарасу ауданында мектеп пайдалануға берілді, 3 мектептің құрылысы жүргізілуде — біреуі Қарабалық ауданында және екеуі Қостанайдың жаңа шағын ауданында. 2023 жылы мектептер Рудный, Тобыл қалаларында және Заречное ауылында салынатын болады. Мектепке дейінгі білім беруге келетін болсақ, бүгінгі таңда облыстың 192 балабақшасында және 370 шағын орталығында 30 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі білім берумен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 89,7% және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 99,9% қамтылған. Алайда кезекте 10 мыңнан астам бала тұр.
Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы облыс орталығының жаңа шағын аудандарында 1120 орындық 4 балабақша салу қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Бұл балабақшадағы кезекті айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
–Алайда,бүгінгі күні облыс орталығының белсенді салынып жатқан шағын аудандарында 1120 орынға 4 балабақша салу қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселе шамамен 4,8 млрд.теңгеніқажет етеді. Тағы бір проблемалық мәселе –шағын жинақты балабақшаларда жан басына шаққандағы қаржыландыру: 122 мемлекеттік балабақшаның 51-де, немесе 42%-да бала саныаз (25-90), жалақы шығындарыбюджеттің92-98%-ынқұрайды, коммуналдық шығындарды төлеуге, ағымдағы жөндеу жүргізуге, материалдық құралдар сатып алуға қаражат жеткіліксіз.Осыған байланысты, Жангелді, Федоров, Науырзым, Сарыкөл, Мендіқара, Ұзынкөл аудандарында14мектеп жанындағы балабақшаларды шағын орталықтарға ауыстыру мәселесі қарастырылуда,- деп қорытындылады З.Бәйменова.
Іс-шара соңында облыс әкімі Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Марат Серікұлы Баймағамбетов бастаған ұжымды «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымы» облыстық байқауындағы жеңісімен марапаттады.