Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Егіс науқанына сақадай сай

15 мая 2022 14:10 • 849 просмотров

Биыл Қостанай облысында 4 млн 772 мың га жерге егін егу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың гектарға аз.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, есесіне майлы дақылдар алқабы 651 мың га-ға ұлғая түскен.  Бұл өткен жылғыдан 44 мың гектарға артық.

–Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы тұқым қажеттілігі 530 мың тонна. Егістікке жоғары репродукциялы 3,1 мың тонна тұқымдар пайдаланылады. Осы жылы жоғары репродукциялы тұқым сатып алуды субсидиялау үшін 1,7 млрд теңге бөлінді. 23,9 мың тоннаны субсидиялау жоспарлануда», – дейді Қостанай облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Қабделов.

Жалпы, егіс науқанына дайындық жұмыстары аяқталған. Қазір диқандар минералды тыңайтқыштарды сатып алып, техниканы жөндеуді аяқтады. 22 мыңнан астам трактор мен 1200 өнімділігі жоғары егіс кешені алқапқа шығады. Олар қолайлы ауа райын күтіп отыр. Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне литріне 208 теңгеден 71 мың тонна дизель отыны бөлінді. Операторлар оны кестеге сәйкес жеткізеді. Ауыл шаруашылығы басқармасы өңірге отын жеткізу бойынша проблемалар болмауы тиіс деп санайды.