Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ассамблеянің негізгі басымдықтары

18 мая 2022 14:38 • 552 просмотров

Бұл туралы облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXX сессиясында атап өтті.

–Бүгінгі күні этносаралық үрдістерді басқару құрылымын жаңғырту аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың алдын алуға бағытталады. Отыз бірінші сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып кеткендей: «Болған және болатын сыртқы қақтығыстар азаматтарымыздың арасында ұлтаралық жанжал тудырып, жікке бөлінуге пайдаланылмауы керек. Оған жол беруге болмайды. Бейбітшілік пен тұтастық – басты құндылығымыз, онсыз болашақ жоқ екенін бәрі есте ұстауы керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ және болмайды да,-деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Наталья Рамазанова.

Осы орайда, Қостанай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінің жұмысы этнос өкілдерінің қатысуымен орын алатын қақтығыстардың алдын алуына негізделіп, бірнеше бағыттар бойынша ұйымдастырылған.

Ол негізгі үш басымдылыққа негізделген:

Біріншісі — ҚХА-ның саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлін күшейту;

Екіншісі — ҚХА-ның ақпараттық жұмысын күшейту және қоғамдық әлеуетін жандандыру;

Үшіншісі — құқық қорғау қызметін күшейту.

Сонымен қатар, облыс әкімі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына азаматтық қоғамды жүйелі түрде қайта жаңғыртуға белсенді қатысу, референдумның маңызын, сондай-ақ жаңа Қазақстанның құндылықтарын іске асыру және түсіндіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

– Сәуір айының соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының «халық бірлігі – жаңартылған Қазақстанның негізі»атты XXXI сессиясы өз жұмысын аяқтады. Мен үшін, адам, азамат және қоғам қайраткері ретінде осы сессия мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі өте маңызды және оны қазақстандықтар мен біздің ортақ үйіміз – Қазақстанның игілігі жолындағы іс-қимылға басшылық ретінде қабылдадым. ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінде Президент былай деді: «бірлік, келісім және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Біз қаңтардағы оқиғалар кезінде олардың бағасын анық түсіндік». Мемлекет басшысы Ассамблеяның маңыздылығына тоқталып, ҚХА-ның елді одан әрі саяси реформалау мен қазақстандық қоғамды біріктірудің маңызды құралына айналатынына сенім білдірді,-деді өз сөзінде Қостанай облысының «Русская община» ҚБ төрағасы Юрий Ивлев.

Сессия қорытындысы бойынша облыс әкімі этносаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін барлық этномәдени бірлестіктерге алғысын білдірді.