Қостанай физика-математика лицейінде мемлекеттік тілде оқытатын екі сынып ашылады. Бұл туралы осы оқу орнындағылар хабарлады.
Қазақ тіліндегі екі 1-сынып Қостанай Білім бөлімі жол картасын жүзеге асыру аясында 2022–2023 оқу жылында пайда болмақ.
Ата-аналар конкурстық іріктеуге қатысуға өтінішті 2022 жылғы 11–27 мамыр аралығында Whatsapp-қа 8–777–16–89–428 телефон нөмірі бойынша бере алады.
Конкурстық іріктеу осы жылғы 1–15 маусым аралығында әңгімелесу түрінде өтеді.
Бұл сыннан сәтті өткен балалардың ата-аналары электрондық үкімет веб-порталы арқылы мектепке қабылдауға egov.kz немесе «SAKURA: электрондық мектеп» электрондық порталы арқылы өтініш береді.
Қосымша сұрақтар бойынша физика-математика лицейіне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 26–25–77, 8–705–452–17–60.
Қостанай қаласының білім бөліміне 54–71–30, 8–707–544–95–14 нөмірлері бойынша да қоңырау шалуға болады.