Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қаралы күндер хақында

1 июня 2022 16:00 • 524 просмотров

Қостанайда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Қостанай қаласының Жеңіс саябағында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған мемориалда жазықсыз жапа шеккендерді еске алу өтті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингке мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, облыстық маслихат депутаттары, қуғын-сүргінге ұшырағандардың балалары мен туыстары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері жиналды.

Митингке жиналғандар алдында 1937 жылы Қазақстандағы депортацияланған корейлердің ұрпағы Старейшена Василиса Васильевна, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы Ташпанов Айтуар Ыбырайұлы, жас ақын, Қостанай облыстық универсиалдық ғылыми кітапханасының қызметкері Жадырасын Дәулет сөз сөйледі.

— Қазақстанға келгеннен кейін корейлер Қостанай облысының аудандарына таратылды. 500-ге жуық отбасы қалаға жақын қалды. Корейлер қатарынан 2 колхоз ұйымдастырылды: «Самир» және «5 желтоқсан» колхоздары. Барлық отбасылар үйін, бар жиһазын және жануарларын тастап кетуге мәжбүр болды. Қазақстанға келгеннен, көктемнің басталуымен олар саман үйлерін сала бастады. Зейнетке шыққан соң зейнетақы күнкөріске жетпегеннен кейін, қосымша жұмыс істеуге тура келді. Ал 1997 және 2003 жылы Қиыр Шығыстан күштеп көшірілген корейлерді ақтауға рұқсат берілді. Бір реттік жәрдемақы алу үшін бәрін сот арқылы құжаттау керек болды. Мен қаламыздың корейлерінің құжаттарын рәсімдеуді қолға алдым – дейді Василиса Васильевна.

Митинг соңында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Волков сөз алып, әділетсіз сотталғандар туралы естеліктерді мұқият сақтай отырып, біз Тәуелсіздігіміздің іргетасы болып қалатын жарқын болашақты құра алатынымызды, алдағы өтетін Референдумға қатыса отырып, Жаңа Қазақстанды жаңғырту өз қолымызда екендігін атап өтті.

Мемориалға жиналған қостанайлықтар қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен және гүл шоқтарын қоюмен еске алды.