Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Әкімдіктің кеңейтілген отырысы өтті

2 июня 2022 11:02 • 686 просмотров

Қостанай облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және бұқаралық спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі мәселелері қаралды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Берік Таңжарықовтың баяндауынша, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл бюджеттен 22,9 млрд.теңге бөлінді. 2022 жылы облыс бойынша барлығы 450,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр.

–2022 жылы Қостанай облысында 450,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу және пайдалануға беру жоспарланған. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бюджеттен 23 млрд теңге бөлінді. Осылайша, бұл ақшаға Қостанай мен Лисаков қаласында жалға берілетін бес үйдің, облыс орталығы мен Рудныйда тағы 55 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады және Қостанай мен Рудныйда тағы да 34 үй аяқталады. Өз кезегінде, Қостанай және Рудный қалаларының әкімдері құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау бойынша жұмысты күшейтуі қажет, нысандарды уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін 6,4 млрд.теңге Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданындағы тұрғын үй құрылысы шағын аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге бөлінді. Шағын ауданға инженерлік коммуникациялар жүргізу аяқталды. Қостанай қаласының Береке, Қонай шағын ауданына және Қостанай ауданындағы жаңа Астана, Бәйтерек шағын аудандарына коммуникацияларды жүргізу жалғасады,-деді Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Берік Таңжарықов.

Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталыған. Есепті кезеңде 139,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, құрылыс саласының мамандары өңірде тұрғын үй құрылысының дамуы соңғы 3 жылда «Отбасы банк» облыстық филиалының депозиттік портфелін 1,5 есеге арттырып, салымшылардың санын 81 мың адамға жеткізгенін атап өтті.

Бұдан әрі бұқаралық спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі туралы мәселе қаралды.

Қазіргі уақытта облыстың спорт ғимараттары желісінде 34 стадион, 3 спорт сарайы, 53 спорт кешені, 2 спорт манежі, 21 жүзу бассейні, 1008 спорт алаңы және 86 хоккей корты бар. Облыста орналасқан спорт залдарының жалпы саны 638 бірлікті құрайды. 2019 жылдан бастап 9 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, кеңес барысында Қостанай облысының «Тың-2022» мерейтойлық XXXV спартакиадасын өткізуге дайындық талқыланды. Биыл спартакиада 2022 жылғы 21-24 шілде аралығында Қамысты ауданының аумағында өтеді. Облыстың аудандары мен қалаларының 1 700-ге жуық спортшы келеді деп жоспрланып отыр.

— Спартакиаданың ашылуына режиссерлік-қойылымдық, шығармашылық сүйемелдеу жобасы әзірленді. Қамысты ауылында өткен 1986 жылғы бірінші облыстық Спартакиада мен қазіргі спартакиаданың арасындағы байланыс бәрінің негізгі желісі болады. Жарқын театрландырылған шоу өлкенің айтулы оқиғалары, оның адамдары, жетістіктері туралы баяндайды, — деп атап өтті аудан басшысы Ғазиз Бекмұхаммедов.

Үш күн ішінде жарысқа қатысушылар ең мықты командаларды анықтайды. Спартакиадаға 1700-ге жуық спортшы келеді деп күтілуде. Олар аудан орталығындағы екі мектепте, мәдениет үйіне, интернатқа, қонақүйге орналастырылады, сондай-ақ шатырлы қалашық салынады. Тамақтану ұйымдастырылады. Соның ішінде көшеде азық-түлік сату нүктелерін ашуды жоспарлап отыр. Тамақтану құны тәулігіне шамамен 3000 теңге.

Сондай-ақ, аудан әкімдігі спартакиада өткізуге мемлекеттік сатып алулар жариялауды жоспарлап отыр, оның ішінде қазақстандық эстрада жұлдыздарын шақыру және ашу шығындары да бар. Бұл Қамысты ауданы әкімінің есептеуі бойынша бюджетке 40 миллион теңге түседі. Тағы 58 миллион теңге іргелес аумақтарды абаттандыруға жұмсалады.

Алайда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аудан билігінің кейбір ұсыныстарын қолдамады.

-Біз Байтұрсынұлының 150 жылдығына, спартакиадаға дайындағанымыздың бәрі кейін халықтың игілігіне жарауы,- деп мәлімдеді Архимед Мұхамбетов. — Бұл инфрақұрылым жұмыс істеуі тиіс. Режиссерлік қойылым шығыстарына 40 миллион теңге деген не? Әрине, қолдамаймын. 58 миллионды абаттандыру түсінікті, біз қолдаймыз. Өйткені бұл спартакиада біткен соң қалады. Мемелекет қаржысы есебінен әншілерді шақыруды да қолдамаймын. Оған жеке кәсіпкерлік демеушілік жасасын,-деді Архимед Мұхамбетов.

Ол сондай-ақ ықтимал наразылықтарға байланысты адамдарды шатырлы қалаға орналастырудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Мәселені жақын маңдағы аудандармен немесе жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен шешу қажет.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына жоспарланған көп қабатты тұрғын үйлерді уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді, сондай-ақ спортты дамыту жөніндегі тапсырманы орындау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.