Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Балалар – өмірдің гүлі

3 июня 2022 14:03 • 395 просмотров

Биыл Балалар жылы деп жарияланды. Облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда және Сити-орталықта қостанайлықтар мен олардың ата-аналары үшін жиырмадан астам іс-шара өтті.

Жаздың бірінші күні мереке кейіпкерлерін шуақты ауа-райымен қуантты. Балалар облыс әкімдігінің алаңын өз қолтаңбаларымен безендіруден бастады. Барлық суреттердің басты кейіпкері күн болды, тіпті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов флешмобқа қосылып, аспан сәулесінің бейнесін салды. Көрме балалар шығармашылығы көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен «Мен әлемді көремін!» тақырыбына арналды. Мыңнан астам оқушы жануарларды, балаларды, табиғатты және тіпті ғарышты бейнелеп, өз қиялдарын көрсетті.

— Көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері де флешмобқа қатысып, басқа балаларға сурет салуға көмектесті. Ал мұнда біздің оқытушылар сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді, – дейді көркемсурет мектебінің оқытушысы Елена Никифоров.

Қала орталығына қарай жүріп, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов пен қала әкімі Марат Жүндібаев «Петрушка» балалар театрының қойылымына және техникалық шығармашылық мектебінің алаңына назар аударды.

— Балаларды қорғау күні біз қостанайлықтарды балалардың шығармашылық жұмыстартарымен қуантуды шештік. Біз балаларға роботты техника, модельдеу және радиобасқаруды қоса алғанда, түрлі алаңдарда өздерін сынап көруге мүмкіндік береміз. Ал егер балаларға шеберлік сыныптары ұнаса, біз 6 жастан 18 жасқа дейінгі барлық балаларды мектебімізге шақырамыз, – дейді директордың орынбасары Наталья Зубко.

Ал келесі жерде шағын зоопарк орналасқан. Балалар мысықтарды ұстап, күшіктерді құшақтады. Барлығы риза болды. Алаңды «Hope» қоғамының еріктілері ұйымдастырды. Зообелсенділер жануарларды емдеумен айналысады және олардың жақсы иелерін табуға тырысады. Сити-орталықта саяхат «Карнавал», «Алтынай» би ансамбльдерінің шығармашылық нөмірлерін көрсетуден бастады. Қостанайлықтарды мерекемен құттықтау үшін облыс әкімі де сахнаға шықты.

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл әлемде балалардың күлкісі мен бақытынан маңыздырақ ештеңе жоқ екенін атап өтті. Балалар жылы деп жарияланған биыл біз балалар мәдениетін, білім мен спортты дамытуға баса назар аударамыз. Мысалы, қазір шағын ауданда екі мектеп салынып жатыр. Береке мен Қонай шағын ауданында әрқайсысы 900 орындықты. Сондай-ақ, биыл біз шағын ауданда жаңа оқушылар сарайын салуды бастаймыз. Баршаңызды құттықтаймын және денсаулық, оқуда табыс тілеймін! – деп құттықтады Архимед Мұхамбетов.

Орталықта отбасы, балаларымен қыдырған қостанайлықтар қатары қалың. Апалы-сіңілі Жанар мен Жансая биылғы мерекенің ерекше болғанын айтады:

— Өзім қатарлы балалардың билегені ұнады. Түрлі сайыстарға қатысып, сыйлықтар алдық. Жаңа ғана «Тамаша» сауда орнынан бізге тәтті су, шоколод, шампунь берді. Орталықта сурет көрмесіне де қатысып, өз қолтаңбамызды қалдырдық, – дейді олар.

Мерекелік іс-шаралар тек ашық алаңда ғана өткен жоқ. Мысалы, облыстық Толстой кітапханасының қабырғасында Вадим Быковтың «Қолдан жасалған ғажайыптар» студиясының оқушылары көрмесі және Александра Суслованың «Екі Данка, Буран және скрипка», «Табиғат Хороводтары» және «Мен бұл әлемде жаңа адаммын» атты балалар кітаптарының тұсаукесері өтті.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор