Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт – құсымыздың қанаты.
Балалар – тыныштық символы. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз және де арта түседі.
Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Олай болса, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 13 бөбекжайы» КМҚК «Бақытты балалақ шақ!» атты балабақша ауласында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекені атап өттік. 1 маусым – бұл жаздың алғашқы күні ғана емес, сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күні. Біздің балабақша да мерекеден тыс қалған жоқ. Бұл күні ауа – райы жылы болып, күн сәулесін шашып тұрды. Балалардың көңіл – күйлері тамаша, жарқын жайлы болды. Балаларды мерекемен құттықтауға келген көңілді сайқымазақтар, ертегі кейіпкерлері ерекше атмосфера жасады. Олар бүлдіршіндерді сайыстармен, ойындармен қызықтырды, ал балалар би мен әндерді қуана орындады.
Барлық балалар махаббатта, нәзіктіктікте және қауіпсіздікті сезіну үшін бақытты балалық шақта өмір сүруге құқықтары бар. Жаз енді басталып, алда көптеген қызықты, тартымды іс – шаралар күтіп тұр.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 13 бөбекжайы» КМҚК Тәрбиешілері: Козбакова А. Ш. мен Абильтаева У. К. мен музыка жетекшісі Амирханова А. Ы.
Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор