Сол күні ол «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға түзетулер енгізетін заң жобасына қол қойды.
Бұл халықтың ерік-жігерінің жарқын көрінісі болады, деп санайды мемлекет басшысы. «Конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде трансформациялауға бағытталған. Түзетулер «Суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін үкіметі бар республикаға түпкілікті көшуді бекітуге арналған», — деді президент бейне хабарламада.
Бүгін таңғы жетіден бастап Қостанай ауданының 63 сайлау учаскесі сайлаушылар үшін өз есігін ашты.
Сайлау учаскелері кешкі сағат 20.00-ге дейін ашық екенін естеріңізге саламыз. Сайлау учаскесіне келіп өз дауысыңызды беріп, жаңалықтың нысаны болудан қалыс қалмаңыздар!