Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Дабылов Аслан Жұмағалиұлының төрағалығымен «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтарды қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету, сондай-ақ балалар жылына арналған жоспарлы іс-шаралар аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті департаменті жетекшісінің ақпаратына сүйенсек, жүргізілген постбақылау нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың жауапты тұлғаларының формалды көзқарасы және қалалар мен аудандардың әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу жөніндегі мониторингтік топтарының жұмысына тиісті бақылаудың болмау фактілері анықталғанын айтты.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша құқықтарды қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық – түсіндіру жұмысы «Әлеуметтік – адалдық алаңы» офистік жобасының қызметі, Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен кездесулер өткізу, облыстың Өңірлік телеарналарында және БАҚ-та әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тақырыптық сұхбаттарды жариялау шеңберінде жүзеге асырылуда.
Білім беру жүйесінде де әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау ерекше орын алады. Мәселен, Мемлекеттен екі мыңнан астам бала мен балабақша тәрбиеленушілерінің 11% — ы тегін тамақтандыру, жалпыға міндетті білім беру қоры қаражатынан киім-кешек, мектепке керек-жарақтарын сатып алу, сондай-ақ, колледж студенттерінің 36% — ы тегін тамақтандыру, жол жүру, стипендиясына ие болады.
Жазғы демалыс кезінде балалардың 102 мыңнан астамы немесе 97% — ы демалыспен және сауықтырумен қамтылады. Жалпыға бірдей білім беру қорынан әлеуметтік осал санаттағы 2000 — нан астам балаға қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға 75,1 млн.теңге, мектеп жанындағы лагерьлерде осы санаттағы 3 мың балаға ыстық тамақ ұйымдастыруға — 21,7 млн. теңге көзделген. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ерекше балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 2022 жылғы 6 маусым мен 5 тамыз аралығында «Хатико» оңалту орталығында сүйемелдеуімен үйде оқитын 100 баланың демалуына 12 млн.теңге бөлінді.
Оқушылар мен жастардың жан-жақты дамуына көп көңіл бөлінуде. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар аясында 800 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінудің арқасында он мыңнан астам бала түрлі секциялар мен үйірмелерде тегін оқуға, өз қабілеттерін дамытуға және денсаулығын нығайтуға мүмкіндік алды.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелерінің ұсыныстары хаттаманың қаулы ететін бөлігіне енгізіліп, жергілікті атқарушы органдарға жолданатын болады.