Алдымен аймақ басшысы «Батыс 220 кВ» қосалқы станциясының құрылыс барысын қарап шықты. Аталған нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін индустриялық аймақты, сондай-ақ облыс орталығының тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қатар, ол индустриялық аймақ аумағындағы «KamLitKZ» ЖШС, «Tehnopark KZ», «МТЗ – Қазақстан машина жасау зауыты» зауыттарының құрылысын аралады.
Содан кейін «Береке» және «Әуежай» шағын ауданы арасындағы жол құрылысы» жобасымен танысты. Қала аумағы жыл сайын ұлғаюда, сол себепті көлік кептелісін азайтуға және қаланың жаңа шағын аудандарына өту үшін жолдар мен көшелер салудың қажеттілігі туындады. Биыл осы жолды іске асыру бойынша жұмысты бастауды жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы орталық стадионды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2021 жылы УЕФА-ның 4-ші санатына сәйкес стадионды жаңғыртуға кірістік. Биыл қосымшалар (дизель генераторы), турникеттері бар билеттеудің электрондық жүйесі сатып алынды және LED –экран орнату жоспарда бар.
Содан кейін өңір басшысы «Жемчужина» медициналық клиникасының құрылыс барысын тексерді. Клиника диагностиканың заманауи әдістерін қолдана отырып, сапалы медициналық көмек көрсетеді. Бұл нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Жұмыс сапарының соңында Архимед Мұхамбетов Абай көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін бояу жобасымен танысты. Ағымдағы жылы 7 тұрғын үйдің қасбеті ретке келтірілмек.
Аралау қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевқа барлық жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды