Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бизнес өкілдерімен кеңейтілген кеңес

9 июня 2022 11:18 • 449 просмотров

Кеңес барысында кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жаныспаев сөз сөйлеп, мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

— Бәрімізге белгілі, өткен екі жыл ішінде бизнес-қоғамдастық бірқатар қиындыққа тап болды, олардың негізгісі пандемия салдарынан енгізілген шектеулер болды. Осыған қарамастан, облыс кәсіпорындары өндірістің қажетті қарқынын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын сақтап қалды, ал біздің өңір өзінің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетінің жоғары екенін растады, – деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ, облыс әкімі шағын және орта бизнестің жұмысын атап өтті.

— Облыс өнеркәсібінің дамуына ірі кәсіпорындар ғана емес, шағын және орта бизнес те үлес қосып отыр. ШОБ субъектілері шығаратын өнімнің төрттен бір бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, – деді ол.

Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 864 өнеркәсіп кәсіпорындары айналысады, оларда 42 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары 793,1 млрд.теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 18,2%-ға жоғары, өнеркәсіптің нақты көлем индексі 101,5% – ды құрайды.

2022 жылы «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» жаңа бағытын іске қосу жоспарлануда, ол ШОБ субъектілеріне 500 млн.теңгеге дейінгі сомада қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардан (1–4%) төмен түпкілікті мөлшерлемемен кредит беруді көздейді.

Мемлекеттік қолдауды жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлікті, оның ішінде ауылдық жерлерді де дамытуға елеулі серпін бергенін атап өту қажет.