Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа жоба бастау алды

11 июня 2022 10:00 • 498 просмотров

Қостанайда Арт-алаң ашылып, «DALA FEST» шығармашылық марафоны бастау алды.

Биыл ұлт ұстазы, қазақ әліпбиінің атасы, қазақ жазуының реформаторы, ақын, аудармашы, Алаш арысы, Тобыл-Торғай өңірі ғана емес, бар қазақтың мақтанышы, ұлы қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Осынау Алаш ардақтысының биылғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуде.

Аумақты тойға Ахмет ауылы да атсалысып жатыр. Қостанай облыстық мәдениет басқармасы, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «DALA FEST» шығармашылық марафоны бастау алды. Бұл шара маусым, шілде, тамыз айларының әр аптасында өтіп тұратынын ескереміз. Облыстық деңгейде өтетін «DALA FEST» фестивалінде облысқа қарасты аудандар мен қалалардың өнерпаздары өнер көрсететін болады. Арт-алаң мәдени демалыс орнына айналып, кештер ұйымдастырылмақшы. Бүгін А. Байтұрсынұлы ескерткішінің алаңында «DALA FEST» фестивалінің ашылуы өтті. Шараны облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов құттықтау сөзімен ашты.

— Бүгін мерейлі жағдайда бас қосып отырмыз. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай тың жоба Арт алаң ашылып, «DALA FEST» фестивалі бастау алды. Жоба Рәміздер күні қарсаңында басталды. Енді бұл жерде демалыс күндері түрлі мәдени шаралар ашық аспан аясында өтпек. Алдағы уақытта кешкі кинотетарды қосуды да ойластырып жатырмыз. Демалыс күндері бұл алаң мәдени демалыс орнына айналып, Алаш ардақтыларының есімдері ұлықталмақ, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Алаш арысының «Арман» атты авторлық күйі бар. Бұл да болса Ахмет Байтұрсынұлының жан тебіренісінен шыққан әр туындының өміршең екенін дәлелдесе керек. Мұның сыртында «Қазақтың 100 әні» жинағына қосқан «Аққұм», «Екі жирен» атты әндері әлі күнге халық ауызында жүр. Ахмет Байтұрсынұлының «Аққұм» әнін Қостанай облыстық композиторлар одағының жетекшісі, Мәдениет саласыны үздігі, дәстүрлі әнші Азамат Мұқатов орындап берді. Қостанай облысының көркемөнерпаздары мен ұжымдары концерт беріп, «Жұлдыз» студиясының домбырашылары күй шалқытты.