Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ғасыр жасаған басылым

30 июня 2022 15:33 • 565 просмотров

Биыл өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Қостанай таңы» газетінің 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай облыс басшысы Архимед Мұхамбетов газеттің ардагерлерімен және бүгінгі ұжымымен кездесіп, жүзжылдық мерекемен құттықтады.

-Бұл бір ғасыр бұрын «Ауыл» деген атпен жарық көріп, қазақтың талай қарымды қаламгерлері мен қайраткерлерін біріктіріп, солардың қолтаңбасы қалған қара шаңырақ. Тәуелсіздігімізді бекемдеуге, бірлік пен ынтымақты нығайтуға қызмет еткен басылым өз парақтарында тарих тағылымын дәуір үнімен, уақыт сынымен бейнелеп, кешегі мен бүгіннің арасын жалғап келеді,-деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

Бір ғасырлық мерзім ішінде «Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналған газеттің қайнар бастауында қазақ журналистиканың көшбасшысы Мұхамеджан Сералин мен қазақ әдебиетінің ақиығы Бейімбет Майлин болған. Газетіміз еліміздің тағдырын халқымен бірге кешті. ХХ ғасырдың өзгерістерін де, төңкерісті де, Ұлы Отан соғысын да, тоқырауды да көрді.

бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында жасаған Қазақстан халқына Жолдауында осы салаға ерекше көңіл бөлді. Ашық ақпараттық кеңістік құру міндеті қойылды. Бұл мақсатта қазіргі уақытта мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысы мен бұқаралық ақпарат құралдары саласының даму тенденцияларын ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.

Қостанай облысының бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің еңбекқорлығы, кәсіби шеберлігі, өңірдің маңызды оқиғаларын жедел әрі сапалы көрсетудегі ынтасының арқасында әрдайым жоғары құрметке лайық.

Осы залда саланың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан саланың ардагерлері отыр. Бүгінгі мереке күні ардагерлерімізге журналистиканың игі дәстүрлерін қалыптастырып, кейінгі толқын ұсынған өнегесі үшін шынайы алғысымды білдіремін!

Қазақ баспасөзінің тарихында тұңғыш рет «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін ашқан көрнекті қаламгер Мұхамеджан Сералин мен Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы Тобыл-Торғай өңірінің тумалары екенін біз ерекше мақтанышпен айтамыз.

Бүгінде шыққанына 100 жыл толып отырған «Қостанай таңы» газетінің «Ауыл» деген атпен шығуы да Мұхамеджан Сералин мен Бейімбет Майлиндердің есімімен тығыз байланысты.

-Әлеуметтік зерттеу нәтижелері БАҚ-тың өңірде жоғары сенім кредитін сақтап отырғанын айғақтайды. Бұл көрсеткіш 87% құрайды. Біздің облыс тұрғындары бірінші кезекте Қостанай журналистикасына ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жария етуде сенім білдіреді. Сондықтан пандемия, қаңтар оқиғалары, кейінгі реформалар кезеңінде біз тиімді ынтымақтастықты құруға көп көңіл бөлдік,-дедң облыс әкімі.

Сөз соңында өңір басшысы газет ұжымын жүзжылдық мерекемен құттықтады.

-Құрметті оқырман және қаламгерлер, сіздерді ата басылымның мерейтойымен құттықтап, редакция ұжымына, барша ақпарат саласы мамандарына шығармашылық табыс, отбастарыңа бақ-береке табыс тілеймін!-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.