Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Ekin Patrol» автокешені іске қосылды

21 июля 2022 16:33 • 737 просмотров

Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолдарды патрульдеу күшейтілді. 18 шілдеден бастап үш жылжымалы «Ekin Patrol» автокешені республикалық маңызы бар жолдарды қатаң бақылауға алды.

Профилактикалық шара өңірдегі жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған.

Күшейтілген бақылау бір ай бойы жүргізілетін болады. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері облыс жолдарында патрульдеуді, автокөлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар көлігін тексеруді күшейтеді.

— Жол көлік апатына ұшырағандардың дені рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын арттырып, маневр жасау ережелерін бұзады, қарсы бағытқа шыққандары да аз емес. 6 ай ішінде облыста 110 жол – көлік оқиғасы тіркеліп, 27 адам қаза тапты, 130 адам жарақат алды, – дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаев.

Полиция облыс аумағында биылдан бастап «Ekin Patrol G2» жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды панорамалық бейнетіркеудің алты мамандандырылған мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істейтінін атап өтті.

Құрылғы патрульдік полицияның автокөліктеріне орнатылды. Автокешендер жылдамдық режимінің бұзылуын тіркейді. Мәліметтер автоматты түрде Қостанай облысы ПД әкімшілік практика бөлімінің бұзушылықтарды өңдеу орталығына жіберіліп отырады. Бұдан басқа, мобильдік патрульдер мемлекеттік нөмірлік белгілерді сканерлеу арқылы бұрын жасалған құқық бұзушылықтар, әкімшілік айыппұлдарды анықтайды. Айтулы кешен іске қосылғалы оның көмегімен облыс аумағында тоғыз мыңнан астам заңбұзушылық анықталған.