Қостанай облысында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтуде. Акция «Қостанай – Әулиекөл-Сурган» автожолында өткізілді. Іс-шара жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша республикалық акция аясында ұйымдастырылды. Бұл күні полиция қызметкерлері 100-ден астам жеңіл және жүк көліктерінің жүргізушілерін тоқтатты.
Арнайы баннерлермен және логотиптермен безендірілген қызметтік автобустар акцияны тас жолдан өтіп бара жатқан барлық жүргізушілер көретін етіп орналастырылған. Қостанайлық полицейлер «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ қызметкерлерімен бірге тас жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілердің сұрақтарына жауап берді.
– Біздің мақсатымыз-жұртшылықтың жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін сақтауға назарын аудару. Осы және басқа да ережелерді сақтамау жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтырады, – деп атап өтті «Қазақавтожол» ЖШС бас инженері Талғат Раисов.
Айта кету керек, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарық диодты белгілер, шу жолақтары және барлық қажетті қосымша жол белгілері орнатылған. Қостанай облысының республикалық маңызы бар автожолдарында жылдың 6 айында барлығы 21 ЖКО орын алды, 15 адам қаза тапты, 32 адам зардап шекті.