Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ескерткіштер орнатылады

12 августа 2022 11:30 • 428 просмотров

Елдің бірнеше өңірінде қоғам қайраткерлеріне ескеркіш орнатылады. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-парақшасында жазды.

«Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында монументалды өнер саласындағы сарапшылармен көптеген өзекті мәселені талқыладық. Отырыста мақұлданғандай, алдағы уақытта Қостанай облысының Торғай ауылында Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынның ескерткіштері бой көтереді. Сондай-ақ Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және театр қайраткері Жұмат Шанинге бюст орнатылады», – деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Оның атап өтуінше, белгілі мүсіншілер, суретшілер, зергерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері құрамына кіретін Монументалды өнер құрылысын орнату жөніндегі комиссия республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жобалау жұмыстарын қарап, өз пікірлерін ортаға салды.

«Ескерткіштер – біздің тарихи жадымызды жаңғыртуда және қоғамдық сананы қалыптастыруда ерекше мәнге ие. Сондықтан жоспарлаудан бастап ескерткіштерді орнатқанға дейінгі жұмысқа мұқият қарауымыз қажет. Комиссия тобы мүсіндердің жұмсақ материалдан жасалған толық көлемдегі нұсқасын жан-жақты қарастыруы тиіс. Сондай-ақ, Комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің идеялық ұсыныстарын бірауыздан қолдады. Аталған өңірлерде Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, екінші дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа, сондай-ақ түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланып отыр», – деді Дәурен Абаев.