Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қос мереке қуанышы

18 августа 2022 11:30 • 2 030 просмотров

Кеншілер қала күні мен металлургтер күнін тойлады. Биыл Рудный қаласының құрылғанына 65 жыл. Айтулы шараға облыс әкімі, жергілікті кәсіпорын басшылары мен эстрада жұлдыздары қатысты.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов кеншілерді қос қуанышпен құттықтап, сөз сөйледі. Мерекеге орай отандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті әртістер өнер көрсетті. Металлургтердің кәсіби мерекесі күніне орай өңір басшысы ССКӨБ еңбек сіңірген қызметкерлерді төсбелгілермен марапаттады.

«Еуразиялық Топ» ЖШС өз кезегінде қаланың мерейтойына жағажай қауіпсіздігін қадағалау үшін жылдам жүзетін қайықты сыйға тартты. Бұл техника құтқарушылардың жұмысын жеңілдетпек.

Архимед Мұхамбетов өз сөзінде, ең алдымен, Рудный қаласы тарихына өз есімдерін енгізген лайықты азаматтарға бай екенін атап өтті.

— Рудный-барлық прогрессивтілерді өзіне сіңірген қала, мұнда индустриялық-инновациялық даму бағдарламалары табысты іске асырылуда. Мен экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізілген табыстар – осы жерде өмір сүріп жатқан халықтың бірлігі мен келісімінің нәтижесі екеніне сенімдімін. Рудный қаласы дамып, жаңа жобалар ашылып, қаланың әрбір азаматы қуаныш пен бақытқа бөленсін! – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Мерекеге орай Төреғали Төреәлі, Райым, Мирас Жүгінісов секілді отандық эстрада жұлдыздары және жергілікті әртістер өнер көрсетті. Той отшашумен аяқталды.

Маржан Алпыс