Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанайда бірден екі орталық ашылады

18 августа 2022 10:35 • 526 просмотров

17 тамызда жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылады.

Облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себебі мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу болды. Депутаттар экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұсыныстарын бірауыздан қолдады. Қаражат бірінші кезектегі шығыстарға, атап айтқанда Қарабалық ауданының Гурьяновка және Қостанай ауданының Еңбек ауылдарында екі мектеп салуға бағытталды. Бұл мақсатқа 250 млн теңге бөлінді. Бюджет қаражатының нақтыланылуы бұрынғы балабақша ғимаратын бірден Қостанайдағы әлеуметтік маңызы бар екі орталық етіп қайта жаңартылуына мүмкіндік береді.Олардың бірі аутизмі бар балалар үшін құрылады, екіншісі 200 төсек-орынға арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығына айналады. Осы мақсатқа құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына барлығы 350 млн теңге бөлінеді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы да қосымша қаржыландырусыз қалған жоқ. Бөлінген 171,9 млн теңгенің басым бөлігі, атап айтқанда, 141,2 млн теңге тәулігіне 1 адамға тұтыну нормасының ұлғаюына байланысты, ауыз су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға жұмсалады. Бұл іс-шарамен бірден 171,1 мыңнан астам адам тұратын 121 ауылдық елді мекен қамтылатын болады. 29,7 млн теңге сомасындағы қосымша қаражатқа Жангелдин ауданында сорғылар мен кварц құмын ауыстыру үшін арнайы машиналар мен жабдықтарды сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Бұл іс шалғайдағы жатқан ауыл тұрғындарының ауыз су сапасын едәуір жақсартатынына себеп болатыны сөзсіз.

Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жол коммуникацияларын жақсартуға 124,3 млн теңге бөлінді.

Оның ішінде 70,3 млн теңге Жангелдин ауданының автомобиль жолдарын ұстауға, ал 54 млн теңге Сарыкөл ауданының Сарыкөл кентіндегі Озерная көшесінің жол төсемін орташа жөндеуді жалғастыруға жұмсалады.

2022 жыл Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында өтуде. Осыған байланысты, Қостанай облысының мәдениет басқармасына атаулы күнге арналған іс-шараларды өткізуге 7,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Сессия шеңберінде депутаттар облыстық экспорттаушылар кеңесі мен бірқатар өңірлік комиссиялардың құрамын бекіту бойынша өзгерістер енгізді. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың Әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс — қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына жаңадан сайланған депутаттар — «Аманат» партиясынан Динара Өтебаева мен «Ауыл» партиясынан Бекнұр Мұратов енгізілді.

Сонымен қатар, кезектен тыс сессияда депутаттармен Қостанай облысының Құрметті азаматы атағына үміткерді бекіту туралы мәселе қарастырылды.