Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Меңдіқара ауданына барды

19 августа 2022 14:05 • 520 просмотров

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Меңдіқара ауданына барды. Мұнда бірінші кезекте аймақ басшысы Михайлов ауылындағы жаңа қазандықты қарап шықты.

Биыл құны 24,64 млн.теңге сомасына жаңа блокты-модульді қазандық орнатылды. Бұл қазандық Михайлов орта мектебі мен мәдениет үйін жылумен қамтамасыз ететін болады.

Кейін осы ауылдағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыс барысын қарап шықты. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде құны 160 млн.теңге күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын нығайту, электр, жылу жүйесі, шатырды жөндеу және терезелерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Содан кейін ол Михайлов ауылындағы «Қарқын» ЖШС егіс алқаптарына барып, Харьков ауылындағы суармалы алқаптарын көрді. Кәсіпорын элиталық тұқым өсіру және асыл тұқымды мал шаруашылығы, құс шаруашылығын қоса алғанда, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады.

Содан кейін ол Харьков ауылындағы Центральная және Мир көшелері жолдарының жөнделуімен танысты. Қазіргі уақытта барлық жұмыстар аяқталды, тиісті жол белгілері орнатылып, жолдарға белгі соғылды.

Бұдан кейін облыс әкімі Харьков ауылының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарын жылытатын қазандығын тексерді. Қазандықтың қуаты 1000 кВт құрайды. Мұнда поляк өндірісінің 2 қазандығы бар.

Сондай-ақ Соснов орта мектебінің жөндеу барысын тексерді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жалпы сомасы 420 млн.теңгеге күрделі жөндеу жасалып жатыр.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов аудан әкіміне барлық жоспарланған жобаларды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.