Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Техника алуға жаңа мүмкіндік

19 августа 2022 16:06 • 610 просмотров

Ауылшаруашылық техникасының жеңілдетілген лизингі бойынша 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизинг бағдарламасы басталған күннен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға отандық өндірістің 93 тракторы мен 52 комбайнын сатып алу үшін Қазақстанның 11 өңірінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен жалпы сомасы 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім келіп түсті», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 40 млрд теңгені құрайды, оған мыңға жуық қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр.

Бағдарламаның шарттары:

Лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;

Лизинг бойынша бастапқы жарна – 0%;

Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.

Жеңілдікті бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған, сондықтан бағдарлама бойынша бір лизинг алушыға – 205 млн теңгеден артық берілмейді және техника үш бірліктен аспауы үшін лимит белгіленген. Лизинг алушыны қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді.

«2022 жылғы 17 тамызда жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша алғашқы ауыл шаруашылығы техникасын Қостанай облысында беру жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор