Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Жас шаңырақ» бастау алды

25 августа 2022 11:11 • 391 просмотров

Қостанай Жастар сарайында «Жас Шаңырақ» өңірлік бағдарламасын жүзеге асырудағы өзара түсіністік пен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою рәсімі және облыс әкімінің өңір жастарымен кездесуі өтті.

Қатысушылар арасында облыс әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері мен жастар көшбасшылары бар. Әңгіме еркін форматта өтті.

Жастар мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болды. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысына, жұмысқа орналасуға, жаңа мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға көп көңіл бөлінді. «Жас шаңырақ» өңірлік бағдарламасын Қостанай облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалымен бірлесіп әзірледі. Мақсаты – жас отбасылар мен жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға көмектесу. Бұл әкімдік пен банктің бірлескен қаражаты есебінен жүзеге асады. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі жастарға (атап айтқанда, сұранысқа ие салалардың мамандары) арналған.

— Биыл бұл бағдарлама Қостанай қаласының аумағында пилоттық режимде іске асырылатын болады. Бұл мақсатқа 700 млн теңге бөлініп отыр, оның 350 миллионы «Отбасы банк»АҚ қаражаты есебінен бөлінетін болады. Қалғандары-жергілікті бюджеттен. Осылайша, жобаны іске асырудың бірінші жылында 50 жас азамат тұрғын үй ала алады. Алдағы уақытта біз бағдарламаны кеңейтіп, оны бүкіл облыс бойынша жүзеге асыратын боламыз, – деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру кезінде жастардың өзекті мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, бизнестің жол картасы бойынша жыл басынан бері 100-ден астам жас гранттық қолдау мен субсидия алды.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 5 мыңнан астам жаа азамат жұмыспен қамтылды. Жастарды жұмыспен қамту үшін «Жасыл ел» жобасы іске асырылуда, оның аясында 1 тамыздағы жағдай бойынша 1 мыңнан астам жас жауынгер жұмысқа орналастырылды.

Сөз соңында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов «Отбасы банк» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимоваға осы жобаны қолдағаны үшін алғыс айтты.

Маржан Алпыс