Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жеке кәсіпке жол ашық

1 сентября 2022 12:30 • 664 просмотров

Облыс әкімі Қостанай ауданына барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Жуков ауылындағы құс еті шаруашылығымен айналысатын «RInna» ЖШС кәсіпорнына барды. Бұл – жылына 2 мың тонна бройлер етін өндіретін инновациялық агроөнеркәсіптік кешен.

Бұдан соң облыс әкімі Жуков негізгі мектебіне соқты. Биыл мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Одан кейін «Өркениет» даму орталығына барды. Ауылдық мәдениет үйінде 80 орындық көрермен залы, кәсіби дыбыс жазу студиясы, сахна, асхана бар. Сахна механикалық және жарық жабдықтарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен, музыкалық аспаптармен жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда балалар тоғызқұмалақ және шахматпен айналысуға мүмкіндік алады.

Одан әрі ол «Сәлем» шағын маркетіне барды. Биыл жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен салып, іске қосты. Дүкенде азық-түлік өнімдерінің, сондай-ақ тұрмыстық тауарлардың кең ассортименті бар. Әлеуметтік сөре де бар, онда облыстық тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарлары белгіленген бағамен сатылады.

Сондай-ақ, 4 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қарап шықты. Биыл тұрғын үйдің құрылысы басталды, қазіргі уақытта бірінші қабат салынып, құрылыс материалдары әкелінді.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданының әкіміне барлық жоспарланған жобаларды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.