Архимед Мұхамбетов Әулиекөл ауданында қала мен аудан әкімдерінің көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында осы аудандағы бұзылған инфрақұрылымдарды одан әрі қалпына келтіру, сондай-ақ ауданда жаңа нысандар орнату мәселелері талқыланды.
— Әулиекөл ауданын қалпына келтіру жұмыстпрына біздің облыстың барлық өңірлері тартылды. Олар аудан аумағын ретке келтіреді, оның ішінде жаңадан саябақтар мен қоғамдық орындар салады, шағын сәулет нысандарын орнатады, сондай-ақ ауданды санитарлық тазартуға көмектеседі, – деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Сондай-ақ, өңір басшысы тұрғын үйлер құрылысының барысын тексерді. Бүгінгі таңда нысандарды салу бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа үйлер 2–2,5 ай ішінде бой көтереді. Үйлердің жалпы саны – 91. Олар мемлекет есебінен салынып жатыр.
«Халық» қайырымдылық қоры төтенше жағдайда зардап шеккен қостанайлықтарға көмек көрсетуге өз үлесін қосуда. Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысына 1,3 млрд теңге бөлінді. Құрылыс жақын арада басталады және келесі жылы жаңа балабақша алғашқы тәрбиеленушілерді қабылдайды.
Бұдан басқа, Halyk Bank Қостанай облысында зардап шеккен әр отбасыға 1 млн теңге көлемінде ақшалай көмек жібереді.
— Қорға және банкке көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, біз, қостанайлықтар, Болат Өтемұратов қорына Әулиекөл аудандық ауруханасының базасында инсульт орталығын құру жөніндегі біздің өтінішімізге құлақ асқаны үшін алғыс айтамыз. Болашақта бұл ауруханада көршілес Науырзым және Қарасу аудандарының тұрғындары да ем алатын болады, – деп атап өтті өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.
Үйлері өртке оранған отбасылар осы қордан 1 млн теңге көлемінде атаулы көмек алады. Еліміздің барлық азаматтарын осы қиын сәтте бізді қолдағаның атап өткім келеді! Осы қиын уақытта кез келген көмек өте маңызды.