Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Депутаттар бюджетті нақтылады

14 октября 2022 16:17 • 662 просмотров

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещановтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ағымдағы жылдың 14 қазанында өтті. Депутаттар негізгі мәселелердің қатарында 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет қаражатын қайта бөлуді қарастырды.

Әулиекөл ауданында өртті жоюдың 221 қатысушысына 96 млн көлемінде сыйақы берілетін болады.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге тағы 62 млн теңге бекітілді. Өздеріңіз білетіндей, бұл саладағы жалақы өңірдегі және Қазақстандағы ең төмен жалақы болып табылады.

Қосымша қаржыландырудың көп бөлігі білім басқармасына бөлінген. Атап айтқанда: оқу орындарының коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге 1 млрд теңге, ауылдық жерлерде балаларды тегін тасымалдауды қамтамасыз етуге тағы 10,8 млн теңге. Облыстың 6 мыңнан астам баласы спорт секцияларына тегін қатыса алады. Осы мақсатқа 273 млн теңге бөлінді. Облыстың 9 мыңнан астам баласы үшін мемлекет тапсырысы бойынша шығармашылық үйірмелерге тегін бару мүмкіндіктері болады.

16 млн теңгеге мүгедектер арбалары сатып алынады

Бұл ігі іс облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қосымша қаржыландыру бөлу есебінен орындалады. Әлеуметтік саланың толыққанды жұмыс істеуі үшін депутаттар 186 млн теңге көлемінде қосымша қаржыландыруды мақұлдады, оның басым бөлігі 13 арнайы қызмет көрсету орталығының коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады, тағы 67 млн теңге осы орталықтардың қамқорлығындағы адамдар үшін азық-түлік сатып алуға жұмсалады.

Арқалықтағы үш қабатты тұрғын үйлердің бірі қосымша қаражатқа қайта жаңартылады

Бұл қалаға жоғары мамандандырылған дәрігерлерді тарту перспективасын туғызады. Тұрғын үйді медицина қызметкерлеріне бөлу жоспарлануда. Сәулет және қала құрылысы басқармасына осы мақсаттарға 150 млн теңге бөлінді.

Өрттен зардап шеккендер де назардан тыс қалған жоқ

 Құрылыс басқармасына Әулиекөл ауылындағы тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға барлық инженерлік инфрақұрылым мен кірме жолдарды өткізуге 69 млн теңге қосымша қаражат бөлінді. Мақсаты,  баспанасыз қалған ауыл тұрғындарын тез арада жаңа үйлермен қамту үшін.