Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

РЕСПУБЛИКА КҮНІ –ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

19 октября 2022 16:20 • 695 просмотров

Тәуелсіздік алғалы бері 25 қазан «Республика күні» ретінде мерекеленіп келді. Айта кетсек, 1990 жылдың 25 қазаны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.

Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Республика күні елімізде 1992 жылдан бері тойланып келгенімен, мемлекеттік мерекелер қатарына тек 2001 жылы енгізілген. Алайда, 2009 жылы бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған еді. Содан бері арада 13 жыл өткен соң, аталған мерекені қайта жандандыру мәселесі қарастырылып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізуді айтып, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтып кетті.

Егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің дамуына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері елеулі үлес қосты.

Ел ішінде қоғамдық қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету кез-келген мемлекеттің тұрақтылығының басты басымдығы болып табылады. Ағымдағы жылғы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы Ұлттық ұлан қызметінің қажеттілігі мен маңыздылығын тағы да дәлелдеді.

Заманауи армия құру – бұл тек техника мен қару-жарақты жетілдіру емес, сонымен бірге бірінші кезекте кәсіби армияның негізі болып саналатын жаңа әскери буынды тәрбиелеу екені сөзсіз.

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.. Тәуелсіз елдің жастары мықты, рухты, патриот болуы тиіс деп білемін!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні еліміздің халқына игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Әскери бөлімнің абыройы, Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігі, жетістігі үшін біз қашанда адал қызмет етуге дайынбыз!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы, 6697 әскери бөлімінің командирі, подполковник Талғат Әбдіров