Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қоныс тойға аз қалды

20 октября 2022 14:20 • 571 просмотров

Әулиекөл ауданындағы алапат өрт жүзге жуық отбасыны баспанадан айырған еді. Оларға арналып салынып жатқан тұрғын үйлер рекордтық қысқа мерзімде аяқталғалы отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен зардап шеккен отбасыларға 2,5 ай мерзімде жаңа баспана салып беруді тапсырған болатын. Оған үкімет 2,2 млрд теңгетен астам қаражат бөлген. 7 қыркүйекте басталған жұмыстың толық бітуіне санаулы-ақ күндер қалды.

«Құрылыспен 13 ірі мердігер компания айналысты. Бұл жұмыстарға мың шақты адам тартылды. Қазір 91 үйдің шатыры жабылып, барлығына жылу жүйелері жүргізіліп, сылақ жұмыстары аяқталды. 25 қазанда толығымен тәмамдалады», – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Тұрғын үй құрылыстарының барысын облыс басшылығы жіті қадағалауда ұстады. Сондай-ақ, 16 қыркүйекте Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс қарқынымен танысып кеткен еді.

Айта кетейік, жаңа аудан салу үшін Әулиекөл кенті маңынан 12 гектар жер бөлінген. Стандартты 4 бөлмелі үйлердің көлемі 100 шаршы метрлік, ауласының ауданы 10 сотық болады. Сондай-ақ, болашақта 280 орынға шақталған балабақша салынбақ.