Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Алтынсарин және Сарыкөл аудандарында болды.
Бірінші кезекте ол Сарыкөл ауданы Тәгіл ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары мектепті материалдық-техникалық жарақтандыру, ФАП ғимаратын жөндеу және ауылдарда шағын бизнесті дамыту мүмкіндіктері және т. б. мәселелерін көтерді.
Жалпы, Сарыкөл ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру, негізгі капиталға инвестициялар, көтерме және бөлшек сауда, тұрғын үйді іске қосу бойынша өсім байқалады. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 350,4 мың га құрады, оның ішінде дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар – 290,5 мың га.
Өткен жылдың осы кезеңінде ауданда «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 27 жоба мақұлданды. Елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтуды ұлғайту мақсатында 1 инвестициялық жоба – «Крыловка ауылын сумен жабдықтау» іске асырылуда. Жобаның құны 549 млн теңгені құрайды. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру аясында 226 млн теңге сомасына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында жалпы сомасы 276,5 млн.теңгеге Тимирязев орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың тамыз айына жоспарланған.
Бұдан соң өңір басшысы Сатаев шаруа қожалығына барды. Кәсіпорында механикаландырылған ток құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның құны-500 млн.теңге. Сондай – ақ, сыйымдылығы 4 мың тонна астық сақтауға арналған қойма салынуда.
Одан әрі облыс әкімі Архмиед МұхамбетовАлтынсарин ауданы Силантьевка ауылының тұрғындарымен кездесті. Аудан тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту халық үшін өзекті мәселе болып қала береді. Бүгінгі таңда ауданды дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде және биыл көптеген іс-шаралар өткізілді.
Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Щербаков ауылындағы Мәриям Хәкімжанова атындағы жалпы білім беретін мектебін күрделі жөндеуге 903 млн теңге қаражат бөлінді. 19 білім беру ұйымында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, терезелерді ауыстыру жұмыстары, спорт және акт залдары жөнделді.
Сонымен қатар, орталық аудандық ауруханада рентген кабинеті мен кір жуатын бөлмеге ағымдағы жөндеу жүргізілді, негізгі және рентген ғимараттары арасында жылы өткел құрылысы аяқталды, ФАПа-ға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 153,6 млн теңге сомасына медициналық жабдық сатып алынды.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданда 336 млн теңге сомасына 15 көшесі жөнделді.
Бұдан кейін өңір басшысы аудандағы спорт алаңын аралап, көшелерді тексерді. Алаңға жасанды жабыны бар футбол және волейбол ойын алаңы кіреді. Ауыл көшелерінде жөндеу жұмыстары аяқталды.