Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мақсат – сапалы білім беру

18 ноября 2022 10:00 • 650 просмотров

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов білім беру саласына қатысты кеңейтілген жиын өткізді. Біздің басты міндетіміз – барлық деңгейде сапалы білім беру. Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасы — басты бағыт.

Облыста 188 балабақша мен 354 шағын орталықта 28 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Келесі жылы қалаларда 4 балабақша салу жоспарлануда. Ұлттық жобаның екінші міндеті – орта білім беру сапасын арттыру. Бұл салада 113 мың оқушыны қамтыған 455 мектеп жұмыс істейді.

Айта кету керек, Қостанай қаласында мектеп жасындағы балаларға арналған заманауи Смарт-орталықтың (Оқушылар сарайы) құрылысы басталды, онда бір ауысымда 650 бала инновациялық, техникалық және шығармашылық үйірмелерге бара алады.

Үшінші міндет аясында «мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи біліммен қамтамасыз ету». 2022 жылы 2 білім беру нысандарының құрылысы басталды. Алдағы жылы 2080 орындық 4 мектеп пайдалануға беріледі.

Бұдан басқа «жайлы мектеп» жобасы бойынша 2025 жылға дейін жалпы сомасы 40,7 млрд теңгеге 7 200 орындық тағы 8 мектеп салу жоспарланған.

Сондай – ақ, биыл 108 білім беру нысанын жөндеуге 7 млрд.теңге бағытталды. Төртінші міндет – «қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету».

Білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасы жоспарлы түрде нығайтылуда. Осы мақсаттарға 2,2 млрд.теңге бағытталды, соның арқасында спорттық жабдықтар, оқушы жиһаздары, мектеп автобустары паркі жаңартылды, жаңа оқу кабинеттері мен STEM зертханалары және тағы басқалар сатып алынды.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор