Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңір басшысы дауыс берді

20 ноября 2022 17:29 • 712 просмотров

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы №21 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Өңір басшысы бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.
«Бүгін – еліміз үшін өте маңызды күн. Мемлекеттің болашағын қалыптастыратын үлкен саяси іс-шара өтуде. Таңертеңнен бері облыс бойынша 745 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Учаскелер сайлау комиссияларының да, тәуелсіз бақылаушылардың да жұмысына қажетті барлық заттармен жабдықталған. Сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жүргендердің барлығына алғысымды білдіремін». – деді Архимед Мұхамбетов.