Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

19 января 2023 15:22 • 697 просмотров

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың өкімімен Мәжит Шүленов Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. М. Шүленов бұған дейін, 2022 жылдың тамызынан бері әкімнің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

Мәжит Шүленов білім, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері, мәдениет және спорт салаларына жауапты. Мәжит Мақсұтұлының мемлекеттік қызметте 11 жылдан астам уақыт еңбек өтілі бар.

Ол еңбек жолын 1988 жылы бастаған. 1998 жылдан 2007 жылға дейін мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Мәселен, «Агромашхолдинг» АҚ президентінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі, қоғаммен байланыс департаментінің директоры, «Тобыл» ӘКК» АҚ ұйымдастыру-бақылау департаментінің басшысы, облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басшысы. Сондай-ақ, 2017–2018 жылдары аралығында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі болды.