Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанай облысы үздіктер қатарында

20 января 2023 11:39 • 617 просмотров

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында баяндады.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова Министрліктің 2022 жылғы жұмысының негізгі нәтижелерін қорытындылай келе, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері толық орындалғанын хабарлады.

«Еңбек министрлігі 2022 жылы 4 млн астам азаматқа 4,4 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындап, оны уақтылы төледі. Осылайша, еліміздің әрбір бесінші тұрғынына мемлекеттік қолдау көрсетілді», – деді Т. Дүйсенова.

Бұдан басқа, 10 ұлттық жобаны, Мемлекет басшысының 10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да жобаларын іске асыру шеңберінде азаматтарды жұмыспен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылды.

«Біріншіден, бүл 981 мыңнан астам азаматты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, олардың 80%-ы жұмысқа орналасқанын міндетті зейнетақы жарналары аударымдарымен растады. Екіншіден, экономикада 427,4 мың жаңа жұмыс орнын құру, олардың 70%-дан астамын жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрайды, олардың тіркелуі мен жұмыс істеуін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті растайды», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр сондай-ақ Отбасының цифрлық картасын пилоттық іске асыру қорытындылары туралы хабарлады.

«Цифрландыру министрлігімен және өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған Отбасының цифрлық картасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы кезеңде азаматтардың әлеуметтік төлемдердің қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы 58 мың SMS-хабарлама жіберілді. Нәтижесінде ақпараттандырылған отбасылардың 22,8%-ы проактивті форматта қызмет алды, ал 36,8%-ы тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгінді», – деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.

Тамара Дүйсенова қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

«Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тәуекел тобына енгізілген 256 кәсіпорынға мониторинг жасалды. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп қабылданған шаралар 148 кәсіпорындағы жағдайды шешуге, 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша қарыздарды өтеуге және 2 млн астам жалдамалы жұмыскерлердің жалақысын 5-тен 50% – ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы, Үкімет мақұлдаған еңбек жанжалдарының алдын алудың бірыңғай алгоритмін іске асыру екінші жартыжылдықта олардың санын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді», – деп атап өтті министр.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ведомство Көші-қон саясатының жаңа Тұжырымдамасы қабылданды және оны Үкімет бекітті, «Кәсіптік біліктілік туралы» заң әзірленді және қазір ол ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында, Бұдан басқа Әлеуметтік кодекстің жобасы дайындалып, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында цифрлық технологиялар есебінен мемлекет көрсететін әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі қалай арттырылатынын айтты.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Тамара Дүйсенова өз сөзінде Министрліктің 2023–2027 жылдарға арналған даму жоспары әлеуметтік-еңбек саласында мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған 5 стратегиялық бағытты көздейтінін айтты.

«Бірінші стратегиялық бағыт – цифрландыруды тереңдету. Ол әлеуметтік қызметтерді көрсетудің өтініш нысанынан оларды ұсынудың анықтау және проактивті форматына көшуді қамтамасыз етуге тиіс. 2023 жылы бағытты іске асырудың түпкілікті нәтижесі проактивті қызметтердің үлесін олардың жалпы санының 60%-на дейін жеткізу болады», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Осы міндетті іске асыруды қамтамасыз ететін базалық цифрлық өнім мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді жинақтайтын және қазақстандық отбасылардың мемлекеттік кепілдіктер бойынша дербестендірілген дерекқоры болып табылатын Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) болады.

«БҰҰ ДБ ұсынған Алькире-Фостер моделін пайдалана отырып, отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бағалау 6 миллионнан астам отбасының мәртебесін және олардың мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрлеріне қажеттілігін анықтауға мүмкіндік берді. Тиісінше, мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдер кімге, қашан, қандай көмек көрсету керектігін нақты анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндігі бар», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтерді уақтылы өзектендіру, азаматтарды мемлекеттік қолдау алу құқығы туралы хабардар ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмекті белсенді тағайындау, мемлекеттік қолдау шараларын уақтылы көрсету мониторингі бөлігінде жұмысы үндестірілетінін атап өтті.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор