Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Табысты мектеп үлгісін құру

25 января 2023 17:37 • 705 просмотров

Қостанай NIS-те Қостанай облысының мектепдиректорлары мен олардың орынбасарлары«Заманауи мектепті басқару»білім беру компьютерлік симуляциясында табысты мектепүлгісін жасау үшін бас қосты.

Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері Мәскеудің «Ed Crunch Academy» академиясының IT мамандарымен бірлесіп жасалған бірегей білім беру бағдарламасы виртуалды симулятор жұмысынұсынды.

Компьютерлік симуляцияда 158 қатысушыбасқару шешімдерін қабылдау, талдау және одан әріжұмысты жоспарлауда аналитикалық дағдыларынжетілдіруге мүмкіндік алды.

Қарасу орта мектебінен қатысып отырған ең жаскоманда компьютерлік тренажер сіздің күшті жәнеәлсіз жақтарыңызды көруге көмектесетінін атап өтті.

— Менің ойымша, компьютерлік симуляциявиртуалды түрде болса да, бұл ойын басқарушылыққызметтің барлық дағдыларын сезінуге мүмкіндікберді. Яғни бұл жерде қызметтің барлық тұстарындұрыс талдап, пысықтау қажет, – дейді Қарасумектебі директорының тәрбие ісі жөніндегіорынбасары Дина Ақукаева.

Тренажерде әр команда өзінің виртуалдымектебін жүргізді. Модельдеу үлгілерініңшынайылығы және ұсынылған жағдайлық есептерменеджерлерге қабылданған шешімдердің әсерінкөруге және олардың тиімділігін бағалауға, сондай-ақ салдарын болжауға мүмкіндік берді.

Директорлық тәжірибем 23 жыл болғаныменөзіме осы виртуалдық симуляцияда алар дүнием өте көп. Иә, әрбір басқару параметрін жеке алсақ, бұлтаныс сияқты, бірақ әр директорде болуы керекақпарат пен білімнің көлемі толық картина жасауғамүмкіндік бермейді. Бұл тренажер біздің көзалдымызда басқаруда нені ескеру керектігін, негебасым көңіл аудару керектігін көрсетеді. Сондықтанбұл тренажер жұмыс өтілі мен тәжірибесіне қарамастан директорлардың маңызды кезеңдері үшін өте қажет, — деп бөлісті Қостанай ауданы Владимировская мектебінің директоры Руслан Мушкудиани.