Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Атқарылған жұмыс аз емес

3 февраля 2023 12:30 • 695 просмотров

«Amanat» партиясының облыстық филиалының алаңында брифинг болып өтті. Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттар фракциясының экс-төрайымы Қырмызы Жанбыршина «Партияның 2021–2022 жылдардағы сайлауалды бағдарламаларын іске асыру туралы» баяндамасын жасады.

«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының 2021–2022 жылдардағы сайлауалды бағдарламасын іске асыру нәтижелерімен бөлісті. Өңірде барлық деңгейдегі мәслихаттардың 267 депутаты қыз­мет атқарған болатын. Оның 215-і «AMANAT» партиясының атынан сайланған. Аталған партиялықтардың ішінде 194-і депутаттық фракцияның мүшесі атанды. Өткен жылы облыстағы, қалалардағы және аудандардағы партия фракциялары барлығы 133 отырыс өткізіпті.

— Фракция жұмысының басым бағыттарының бірі – партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын жүзеге асыру. Осы мақсатта жол карталары бекітіліп, әрқайсысына жауапты депутаттар бекітілді. Фракция депутаттары мен тұрақты комиссия мүшелері жүйелі негізде тексеру комиссиясының актілерін қарап, мемлекеттік органдар басшыларының анықталған бұзушылықтар бойынша атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ бюджет қаражатына келтірілген зиянды қайтару бойынша қабылданған тиісті шаралар туралы есептерін тыңдады. Сондай-ақ Науырзым ауданына тұрақты комиссиялардың көшпелі бірлескен отырыстары өткізілді. Фракция депутаттары мен облыс әкімдігі жыл бойы Қостанай облысының 2022–2025 жылдарға арналған даму бағдарламасында айқындалған міндеттерді шешу бойынша бірлесіп жұмыс атқарды, – деді депутаттық фракцияның экс-жетекшісі Қырмызы Жаңбыршина.

Жылдың өткен кезеңінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 739 қабылдау өткізді. 1333 адам қоғамдық қабылдауға жүгінген. 984 өтініш шешімін тауып, 349 өтініш бойынша түсініктемелер берілді. Ағымдағы жылда фракция мүшелері ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп облыстың 87-ден астам елді мекеніне барып, тұрғындармен 100-ден астам кездесу өткізді. Депутаттық корпус қайырымдылық акциялары мен демеушілік жобаларға да белсенді қатысқан.

Мысалы, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Баланы мектепке жинайық!» республикалық қайырымдылық акциясын өткізу аясында 1838 отбасынан шыққан 2851 балаға 38 млн теңге сомасында сыйлықтар табысталды. Партиялық көмекпен 1515 көпбалалы, 171 аз қамтылған, 133 толық емес отбасы, 17 жетім бала, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 2 отбасы қамтылды.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, Сурет «AMANAT» партиясы ҚОФ баспасөз қызметінен алынды